Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада арнайы жасақ сарбаздары қақтығысынан кейін басшылары жұмыстан кетті

Оқиға Қызылорда облыстық полиция департаментінде болған. Жедел әрекет ету арнайы жасағының сарбаздары жаппай төбелес ұйымдастырып, жұмыссыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: khabar.kz

Арнайы жасақтың жаппай төбелесі туралы ақпарат желіде пайда болды. Ақпарат бойынша оған әлімжеттік себеп болған. 

Қызылорда облысының полиция департаменті сарбаздар арасындағы қақтығыс болғанын растады, бірақ оқиға 2023 жылы болған екен.

"2023 жылы Қызылорда облысы полиция департаментінде арнайы жасақ қызметкерлері арасында қақтығыс болды. Осы факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп, кінәлі адамдар ішкі істер органдарындағы жұмысынан шығарылды", – деп хабарлады облыстық полиция.

Олардың тікелей басшылары да қызметінен босатылған.

Айта кетейік, шекара академиясының бұрынғы қызметкері Қаңтар оқиғасы кезінде Көктөбе тауында шекарашылар мен ІІМ бөлімшелері арасында атыс болғанын мәлімдеді. Ол академиядағы тағы бір өлім оқиғасының ресми нұсқасын жоққа шығарды.

Талқылау