Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

11 жастағы қызды ұрлап кеткен қытайлық оны ұлына әйел етіп өсірмек болған

Ян есімді қытайлық әйел 27 жастағы ұлымен келісе отырып, Люпаньшуй қалалық округіне қарасты ауылдардың бірінен 11 жастағы қызды ұрлап кеткен. Кішкентай қыз ұлына келісті келіншек болады деп шешкен ол әуелі қызды әкесінен сұраған. Алайда әкесі оның ұсынысынан бас тартқан.  Қыздың үйде жалғыз қалғанын күткен Ян ақыры қызды ұрлап кетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Shutterstock / FOTODOM

Оқиға 2023 жылы болған. Көп ұзамай Ян қамауға алынды, ал бірнеше күннен кейін оның ұлы да полицияға тапсырылды. Қыз төрт күн бойы бөтен біреудің үйінде тұрған. 15 желтоқсанда сот Ян мен оның ұлын бала ұрлағаны үшін екі жыл жеті айға бас бостандығынан айырды. Анасы мен баласы арызданған. Істі қайта қарау 7 наурызда аяқталды. Сот үкімі өзгертілген жоқ.

Бұл оқиға желіде қызу талқыланып, қолданушылар жазаның "жұмсақтығы" мен мұндай некеге тұрудың моральдық салдарына наразылық білдірді. 

Басылым Қытайда күйеу жігіттердің ата-анасы жасөспірім қыздарды асырап алып, ұлдарына болашақ жар етіп өсіретін дәстүр болғанын еске салды. 1950 жылдары мұндай әдет-ғұрыптарға тыйым салынды, бірақ ауылдық жерлерде олар әлі де сақталып келеді. Мәселен, Қытайдың оңтүстік-батысында 1990 жылы туған қызды ұрлап әкетіп, бес жасында 2,5 мың юаньға сатып жіберген. Сатып алушы елдің солтүстігінен келген.

Оны ұрлап, сатқан адам 2023 жылы сотталып, өлім жазасына кесілді. Global Times газетінің хабарлауынша, жәбірленуші қыз ұзақ уақыт бойы үйіне оралудан үмітін үзбеген. 2021 жылы ол туыстарының ортасына оралды. Алайда ол үйіне келгенде ата-анасы қайтыс болып кеткен.

Талқылау