Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстан мен Тәжістан билігі өз азаматтарына Ресейге бармауға кеңес берді

Қырғызстан Сыртқы істер министрі Ресей Федерациясының шекарасындағы енгізілген күшейтілген бақылау режимі алынып тасталғанша қырғызстандықтарға бұл елге бармауды ресми түрде ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото pexels-тен

Бұған дейін Тәжікстан СІМ "егер шұғыл түрде қажет болмаса" көліктің кез келген түрімен болсын Ресейге кірмеу туралы ұсынысты жариялаған еді.

Ресейдің Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтарына кіруден жаппай бас тартқаны сәуір айының соңында белгілі болды. Құқық қорғаушы Валентина Чупиктің айтуынша 1 мамырға қарай Ресей әуежайлары мен жер үсті өткізу пункттерінде осы елдердің 4500-ге жуық азаматы кезекте жиналып қалған. Оның бағалауынша шетелдіктерді бұлай кіргізбеу бұрын болған емес.

Чупиктің айтуынша, әсіресе қазір Ресейге орамал киген әйелдер мен сақалы бар еркектерді кіргізбей жатыр екен. Ал олардың көбі Ресейге жұмыс істеуге келген.

Ресей СІМ бір ай бұрын "Крокус Сити Холл" концерт залына жасалған шабуыл аясында қауіпсіздік шараларының күшейгенін айтып түсіндірді. Дегенмен бұған дейін Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бұл шабуылда Украинаның қатысы барын мәлімдеген еді.



29 сәуірде Ресейдің Тәжікстандағы елшісі Ресей шекарасында тұрып қалған жүздеген Тәжікстан азаматтарының жағдайына алаңдап, елдің Сыртқы істер министрлігінен нота жіберді. Атап айтқанда 27 сәуірде шекарада 954 тәжікстандық азамат болған. Көп жағдайда шекарашылар азаматтардың елге не үшін кіргізілмейтінін айтпаған. 

Ал Қырғызстан СІМ 2 мамырдағы жағдай бойынша қырғызстандықтардың Ресейге кіруден бас тарту алған жағдайлары туралы ақпараттың белгісіз екенін жеткізді. Өзбекстан СІМ бұл жағдайға түсініктеме берген жоқ.

Мәскеудегі "Крокус" шабуылынан кейін мигранттар Ресейден жаппай шығарыла бастаған. Әсіресе Тәжікстан азаматтары Мәскеу мен Санк-Петербург қалаларынан кеткен.

Талқылау