Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық гимнастшы Париж олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Эльжана Таниева Парижде өтетін олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰОК

Эльжана Таниева Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында олимпиада ойындарының лицензиясына қол жеткізді. Қазақстандық гимнастшы көпсайыс қорытындысы бойынша бірінші орын иеленді. Ол көпсайыс қорытындысы бойынша 133.40 ұпай жинап,  Азия чемпионатының алтын медалін иеленіп қана қоймай, олимпиада ойындарының жолдамасын де жеңіп алды. Жарыс ережесі бойынша, жолдама тек алтын медаль алған спортшыға беріледі.

Айта кетейік, тағы бір қазақстандық спортшы Айбота Ертайқызы жарысты бесінші орынмен аяқтап, жолдамаға ие бола алмады. 

Талқылау