Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар жануларлардың, жәндіктер мен балықтардың саналы екенін мойындады

Дүниежүзі бойынша 39 биолог мен философ жануарлардың саналы екенін мойындайтын декларацияға қол қою үшін жиналды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Нью-Йорк университеті жариялаған декларацияда сүтқоректілер, құстар, сонымен қатар бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, балық пен көптеген омыртқасыздар, соның ішінде жәндіктер, шаяндар, лобстерлер, кальмарлар, сегізаяқтар мен мүйізді балықтар туралы айтылған.

Ғалымдар аталған жануарлардың ақылды екенін айғақтайтын ғылыми дәлелденген деректерге сүйене отырып осындай қорытындығы келген. 

Ғылыми деректер кейінгі жылдары жарияланған жаңашылдықтар мен ашылуларды қамтиды. Мысалы, Райерсон университетінің канадалық зерттеушілері балықтардың айнада өзін тани алатынын көрсетті. Психолог Гордон Гэллап әзірлеген бұл тест жануардың өзін-өзі тануға қабілетін анықтаудың жалпы қабылданған әдісі еді.

Ғалымдарды таңғалдырғандардың бірі – тазалыққа жауап беретін (губан-чистильщик) балық. Тәжірибе барысында он балық айнасы бар аквариумға салынды. Уақыт өте он балықтың жетеуі айнадағы өз бейнесін қарсыласы ретінде қабылдап, шабуылдай бастады. Алайда уақыт өте балықтар өзінің айнадағы бейнесіне бейімделе бастады. Бірі құйрығын көтеріп жүзсе, енді бірі айнадағы кескініне қарап ұзақ тұрды. 

Кейін зерттеушілер паразиттерге ұқсайтын дақтардың суретін салды. Кей балықтар оларды жойып жібермек болды. 

Жәндіктерді зерттейтін ғалымдар араның ағаш шарларды жай ермек үшін дөңгелететінін анықтады. Ал сегізаяқтар ауырсынуды басатын дәрілерді біледі. Сондықтан олар бұған дейін ауырсынуды сезген жерлерден алшақ болуға тырысады. 

Декларацияда жануарларға ізгілікпен қарау туралы ғана емес, адамдардың шектен тыс сана мен сезімге арналған ғылыми зерттеулердің жаңа дәуірінің ашылуын атап көрсетеді.

“Жануарларға әсер ететін шешім қабылдар кезде олардың саналы екенін біле тұра, бұл дүниені елемеу – жауапсыздық”, – делінген декларацияда.

Талқылау