Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қаптаған қандалалар тұрғындардың мазасын кетірді

Алматыда ағаш қандаласы қаптады. Аптап ыстықта жылдам көбейіп, пәтерге үймелей бастаған жәндіктер тұрғындардың мазасын алуда.

66 (1)

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Олардың денсаулық пен қоршаған ортаға қаншалықты зиянды екенін тілшіміз Жанар Жолтаева біліп көрген еді.

Әдетте көзге көрінбейтін ағаш қандаласының шамадан тыс болуы, тұрғындардың мазасын қашыруда. Бірнеше мерт биіктікке дейін ұша алатын жәндіктер терезелерге үймелеп, пәтерлерге қаптай бастаған.

– “Бүгін міне уже үшінші рет сыпырып жатыр балалар. Обедке дейін үш қайтара сыпырды. Сонда да қаптап жүр қоңыздар. Үстіге қонса, иісі жаман екен сасық екен. Үстіңізден алсаңыз иісі бар”, – дейді аулаларды тазалау компаниясының қызметкері Дидар Айдарбекұлы.

Дәл осындай жағдай Алматыдан 2010 жылы болған -дейді зоологтар. Олар жәндіктердің белсенділігін жаздың кеш шығып, ылғалдылықтың көп болуымен түсіндіреді. Табиғатта олардың 40 мыңнан астам түрі бар болса, елімізде 2000 түрі кездеседі екен. Жылулықты сүйетін жәндік күн суытса, қабырға қуыстары мен үйдің ішінен пана іздейді -дейді мамандар. Алайда қарағаш қандаласының адам денсаулығына еш зияны жоқ екен.

– “Қорқатындай еш нәрсесі жоқ, адам баласына зиянды ешнәрсесі жоқ. Олардың иісті бөліп шығаруы қорғанышы ретінде өздеріне тиісті иістерін бөліп шығарады. Сл кезде жыртқыш жәндіктер олардан қашқақтайды. Сондықтан бұлардың қорғанышы”, – дейді Зоология институты жетекші ғылыми қызметкері Перизат Есенбекова.

Ағаш қандаласымен күресуге жергілікті билік ақша бөлмейтін көрінеді. Десе де ағаштарды залалсыздандыру жұмыстарына пәтер иелерінің коперативі жауапты.

Жіберіп алмаңыз:

Австралияда қаптаған арам шөп кесірінен жұрт үйден шығудан қалған (видео)

Талқылау