Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

​Асанәлі Әшімов: Қазақстан Димаш үшін таршылық етеді

18 сәуір күні Ақтөбедегі «Жұбановтар әлемі» мұражай-үйінде Қазақстанның белгілі өнер және мәдениет қайраткерлерімен кездесу өтті. Актер Асанәлі Әшімов, композитор Алтынбек Қоразбаев пен халық әндерінің орындаушысы Татьяна Бурмистрова жергілікті халықпен әңгіме-дүкен құрды.

Димаш - Асанәлі Әшімов

Бұл туралы «Диапазон» басылымына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Алғаш болып сөз сөйлеген Асанәлі Әшімов Димаш пен Ақтөбе туралы сөз сөйлеп, көпшіліктің қошеметіне ие болды.

«Димаш… Димаш әлемдік әнші. Қазақстан ол үшін таршылық етеді. Ол 2 миллиард халқы бар Қытайға барып келді. Оның әлемдік деңгейдегі әнші болғанын мен құптаймын. Бізге анда-санда бір келіп, есеп беріп тұрса да жеткілікті. Біздің халқымыздың атын шығарса, соған қуаныштымыз. Ол біздің мақтанышымыз. Америкаға барған кезде, Димашпен Лос-Анджелесте жолықтым. Өте қарапайым жігіт», – деп пікір білдірді Әшімов.

Тағы оқыңыз: 

Қатты уайымдады: Ділназ Ахмадиева ақтөбелік мүмкіндігі шектеулі балалардан кешірім сұрады

Шахизада: Арсыз әншілерді жарнамалайтын телеарналарды жазалау керек

“Қалаулым” жұлдызы Жанерке: Пиар үшін жігіттің әке-шешесімен танысатын көргенсіз емеспін

Бақытсыздық үкімін кестім: Отандық актриса ажырасқаннан кейін қалай айыққанын айтты (видео)

Талқылау