Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйсіз жанға 400 мың доллар жинағандар алаяқ болып шыққан

Интернет арқылы үйсіз жанға ақша жинаған қайыршы мен америкалық жұбайларды алаяқтықпен айналысты деген кінәлауда, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі CBS Philly сілтеме беріп.

Үйсіз жанға 400 мың доллар жинағандар алаяқ болып шыққан

GoFundMe  сайтында 403 мың доллар ақша жинаған Кейтлин Макклюр мен Марк Д’Амико ұсталып, артына босатылған. Олар көмектеспекші болған үйсіз ардагер Джонни Боббитте қамауға алынды.

Макклюрдің айтуынша, олар Боббитпен 2017 жылдың қарашасында танысқан. Ол кезде оның автокөлігі автомагистраль маңында өшіп қалған. Осы маңда қайыр тілеп жүрген үйсіз жан оған соңғы қалған 20 долларына бензин алып берген. Оған алғыс білдіргісі келген келіншек Амико екеуі бірігіп, интернет желісінде краудфандингтік компания бастаған.

«Барлығы жалған ақпарат, – дейді Берлингтон Скортт Коффин округінің прокуроры. – Қаражат жиналып бастағаннан кейін бір сағаттың ішінде Макклюр өзінің танысына тіпті «үйсіздің оған көмектескенінің» өзі ойлап табылған өтірік екенін айтқан. Шын мәнінде оның көлігі басқа жерде өшіп қалған, және Боббит оған соңғы 20 долларын жұмсамаған. Тек олар алдын ала келісіп алып, жан тұршігерлік оқиғаны адамдар ақша берсін деген мақсатта ойлап тапқандары белігілі болды».

Тергеу барысында олардың ақша жинамас бұрын бір ай көлемінде таныс болғандары белгілі болды. Ерлі зайыптылар Боббитті жергілікті казиноға барғанда кездестірген. Жиналған қаражат бірнеше айдың ішінде Лас-Вегасқа баруға, автокөлік сатып алуға және басқа да дүниелерге жұмсалған. Олардың ішінде әйелдерге арналған қымбат сөмкелер де болған.

2018 жылдың тамыз айында Боббит ерлі зайыптыларды алаяқтар деп айыптаған еді. Өзі үшін жиналған қаражатқа оған ешқандай үй алынбағанын айтқан. Оған тек 75 мың доллар, Макклюр мен Д’Амиконың ауласында тұрған дөңгелектегі үй ғана берілген. Алайда ол тез арада сынып қалған екен. Ал ерлі зайыптылар болса, ақшаны Боббит есірткіге жұмсап қоймасын деп өздерінде қалдырғандарын айтып ақталуда.

Енді олардың үшеуіне де 10 жылға дейін сотталу қаупі төніп тұр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау