Үйшікте өмір сүріп келген түркиялық 30 жыл бойы жуынбаған (фото)
Түркияның Шанлыурфа провинциясында 47 жастағы адам көрген түсінің әсерінен ақыл-есінен айырылып, 30 жыл бойы жуынып-қырынбай, бір үйшікте өмір сүріп келген. Енді Ресул Бахадыр есімді азаматты Түркияның Отбасы және әлеуметтік саясат басқармасының аудандық бөлімі өз қанатының астына алды.
Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.
Белгілі болғандай, билік бұл адамды оңалту орталығына баруға әзер көндірген екен. Қазір Ресул есімді азамат психолог мамандардың көмегіне жүгініп, 30 жылдан бері алғаш рет жуынды. Мамандар денесіне 30 жыл су тимеген адамның шашы мен сақал-мұртын да қырып, адам қалпына қайта оралтып отыр.
Бұған қоса, аталған мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек беретін оңалту орталығы өмірге қайта алғаш қадам аттаған Бахадырдың сауатын да ашып, материалдық шығынын өтеуде. 30 жыл бойы өмір сүріп келген үйшіктен күштеп шығарылған жарымжан орталықтан дос тауып та үлгерген.
Талқылау