Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйленуге ерекше жасалған ұсыныстар

“Сен маған тұрмысқа шығасың ба?” деген ұсынысты жасау әр ер-азаматқа ең маңызды әрі күрделі шаруа. Бұл кез-келген жұптың өміріндегі басты қадамы. Сондықтан барлығы дерлік ол күнді есте қалуын қалайды. Кейбір азаматтар сүйіктілерінен “келісемін” деген жауапты алу үшін  түрлі қадамға  барады.

67

Әдемі ұсыныстарды көруге болады, деп хабарлайды ztb.kz. 

Бейтаныс жігіт сүйіктісіне сөзді концерттің үстінде салды. Ол  Астанада өткен әнші Айқын Төлепбергеннің концерті еді.

Ал мынау жігіт Ақтаудың тұрғыны. Ол да көпшілік алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады. Ол супермаркеттің мұз айдынында раушан гүлдің күлтесінен жүрек жасап, дәл ортасында тұрып,  микрофонына айқайлап тұрып сөз айтқан.

Қарағанды облысының тұрғыны төртінші қабатқа көтергіш кранмен  көтеріліп, сүйіктісіне сөз айтқан екен.

Бойжеткен кинотеатрға кино көруге келіп, өзінің махаббат хикаясын көрді.

Бұл оқиға Алматыдағы “Променад” сауда орталығында болған. Жігіт жұрт алдында сүйіктісіне сөз салады.

Алматы қаласындағы Абай көшесінің бойында үлкен экрандардың бірінде жігіт ғашығына ұсыныс жасады.

Бұл оқиға Астанада болды. Қанат деген жігіт сүйіктісі Лаураға океанариум ішінде, акулалардың арасында тұрып сөй айтқан.

Алматылық сарбаздың сүйіктісіне әдемі сөз салуы.

Астананың тағы бір тұрғыны қызына сөз салу үшін бүкіл достары көмекке келген. Олар 16 көліктен жүрек жасап. Бір сәтте барлығы бірге сигнал берген болатын.

Алматылық жігіт  Орталық стадионда, футбол кездесуінің үзіліс арасында көпшіліктің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасайды.

 

Талқылау