Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйленуді армандап жүрген жігіттер Қазақстанда тәрбиелі қыз жоқ екенін айтып наразы болды

“Оңтүстік Қазақстанның қаласынан” келген екі жігіт блогер Анастасия Ахметовамен сұхбаттасу кезінде қалыңдық таба алмай жүргендерін айтты.

6748574897565

“Жақында екі жігітпен сөйлестім. Жасы 26-да. Үлкен қара джип көлігі бар, мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Олар өздеріне лайықты тәрбиелі қыз жоқ екенін айтты. Айтуларынша, танысқан қыздарының бәрі жезөкше болып шығады. Ал оларға тәрбиелі, ата-анасын сыйлайтын, шағымы жоқ қыз керек”, – деп жазады Ахметова.

Блогердің айтуынша, жігіттер ауылдың қарапайым отбасынан шыққан қызды әйелдікке алғысы келмейтінін де жасырмаған. Олар туыстары мен достары алдында ұялмай таныстыра алатын қызға үйленгісі келеді.

“Мен қазақ қыздары ішінде лайықтысы бар шығар дедім. Олар қыздардың бірден төсекке сүйреп, сыйлық талап етіп, ақша алғысы келетіндерін айтты”, – деп таңғалды блогер.

Жігіттердің бірі бұрын үйленіп ажырасқан. Оның алған әйелі ата-анасын сыйламапты. Әсіресе анасын ренжіте бергенге ұқсайды. Қалыңдығы 17 мың долларға той көйлегін алып, курортта демалып, күн сайын Алматыда киім алу үшін мың долларлар ақша алып жүрсе де ата-анасын сыйламаған.

“Екінші жігіт өзін тыңдайтын, айтқанына шықпайтын әйел керек екенін айтты. Ал, өзі демалыс күндері жезөкшелермен саунада қыдырып жүрмек”.

-Жезөкшелердің қайтесің?

-Әлемде бәрі сөйтеді емес пе.

-Әлемде гей-шеру болып, еркектер бір-бірімен қолтықтасып жүр. Әлемде солай екен деп, мүмкін сендер де солай жасайсыңдар?

“Мен оларға әлемдегілер не істесе де, сендер отбасыларыңды ойлаңдар. Опасыздықтан, ластықтан аулақ болыңдар дедім. Біздің әңгімемізден кейін екі жігіттің не ойлағанын білмеймін. Олар рухани тақырыпта ешкіммен сөйлесе алмайтын секілді. Екеуі бейтаныс әйелге бар сырын ақтарғандарына мәз болды. Менің ақылымды немкетті тыңдап отырды”, – дейді блогер.


Тағы да оқыңыз:

Қолынан айырылған жігіт өзін іздеп келіп қосылған келіншегі туралы айтып берді

Психолог ер адамның не себепті опасыздық жасайтынын түсіндірді

Алматы облысында суға батып бара жатқан қызды құтқармақ болған екі жігіт қаза тапты

 

Талқылау