Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйленгенімізге үш жыл: Аша Матай жары Арманды тікелей эфирде құттықтады (видео)

Арман мен Ашаның отбасында кішігірім той. Көзі қарақты көрерменнің сүйікті жұбына айналған ерлі-зайыптылардың отасқанына күні кеше үш жыл толды. Бұл орайда Аша жарын тікелей эфир арқылы құттықтап, оған тосынсый жасады, деп жазады Stan.kz.

Үйленгенімізге үш жыл: Аша Матай жары Арманды тікелей эфирде құттықтады (видео)
“Қалаулым” шоуына теңін іздеп келген жастарға ақылын айтқан Аша отбасын құрған соң қатты өзгергенін атап өтті. Осы уақыт аралығында Арман екеуінің бір-біріне қалай үйреніскенін әңгімеледі. Сөз соңында отбасылық қуанышымен бөлісіп, Арманға құттықтау тілегін жолдады.

“Арманды құттықтағым келіп отыр. Кеше ғана 25 қыркүйек күні біздің отбасымызға 3 жыл толған еді. Біздің отбасымыз үшін кішігірім мерейтой. Арман, мен сені өте қатты сүйемін. Жақсы көремін, сыйлаймын. Алла Тағалаға және біздің ата-анамызға сен үшін үлкен рақмет және біздің қызымыз үшін”, – деп ақжарма тілегін жеткізді Аша.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Арман мен Ашаның шаңырақ көтергеніне 3 жыл болыпты. Құттықтаймыз, маxаббаттарыңыз баянды болсын!

Публикация от KalaulymShow (@kalaulymshow)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау