Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйдің қабырғасынан 25 мыңға жуық ара шықты

Испаниядағы  Алкала-де-Энарес қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің қабырғасынан адам айтса сенгісіз “қазына” табылды.

makro-pchela-cvetok-pylca

Бұл туралы “24.kz” хабарлайды.

Мұнда қызмет бабымен үйлерді аралап жүрген өрт сөндірушілер шамамен 25 мыңға жуық ара тұратын ұяны тауып алып, таң-тамаша қалысты. Ал бұған дейін сол маңайда тұратын жұрт ағаштың бұтақтарында өріп жүрген 5 мыңға жуық араны қуып жіберген екен. Бірақ, олардың аналығын таппаған тұрғындар көмекке өрт сөндіру жасағын шақырыпты.

Ара өсіргіш мамандардың айтуынша, жәндіктер үйдің қабырғасына 2 жылдан бері қоныстанған болып шықты. Олар мұнысымен қоймай, қабырғаның арасына бал жинастырып қойған.

Талқылау