Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үй жағдайында жасалатын көз астының қараюына арналған 10 құрал

Көз астының қараюы сынды бет-әлпетіміздегі жағымсыз құбылыс көбімізде кездеседі. Оның пайда болу себептері қаншалықты көп болса, бұл қиындықтан арылуға мүмкіндік беретін амал-тәсілдер де баршылық. Олардың қатарында маманның кеңесіне жүгіну, күн тәртібін сақтау мен дұрыс тамақтанудан бөлек, табиғи заттардан жасалған арнайы маскалар мен компресстер бар.

4-6

Stan.kz көзіңізді жарқыратып, нұр сыйлайтын қарапайым құралдар тізімін ұсынады.

Алқызыл су

10115065-shutterstock_72934684-650-1465900216

Алқызыл су теріні ылғалдандырып, нәрлендіріп, ісінуден, көздің қызарып, қышуынан арылуға себін тигізеді. Сонымен қатар ол – ағартатын және жасартатын әсерге ие.

Алқызыл суды дүкен сөрелерінен таба аласыз. Ал әлдеқандай себептермен  қолыңызға түспесе, үй жағдайында алқызыл судың баламасын жасап көруіңізге болады.

Қажетті заттар:

  • бір раушан гүлінің күлтелері
  • 1 стақан ыстық су

Дайындалуы:

  • Раушан гүлінің күлтелерін жуып, оларды кішкене кәстрөлге салыңыз.
  • Оған ыстық су құйып, суығанша күтіңіз. Артынша таза ыдысқа сүзіп алыңыз.
  • Үйде жасалған алқызыл суды тоңазытқышта сақтаған дұрыс. Бірақ бір аптадан артық тұрмауы тиіс.

Қолданылуы:

  • Мақта дөңгелекшелерін алқызыл сумен дымқылдаңыз.
  • Дөңгелекшелерді көзіңіздің аумағына басып қойып, осылайша 15 минутқа қалдырыңыз. Процедураны таңертең және кешкілік уақытта жасаған жөн.

Бадам майы

10114915-essential-oils-1433694_1280-650-1465900216

Бадам майы көз айналасы терісін нығайтып, көз астының қараюы мен ісінуінен арылуға көмектеседі. Күнделікті ұйықтар алдында көз айналасына 2-3 тамшы май жағып, массаж жасасаңыз, әсерін бір аптадан соң-ақ байқайсыз.

Картоп сөлі

10115115-potatoes-448610_1280-650-1465900216

Картоптың құрамында табиғи ағартқыш заттар мен С дәрумені бар.

  • Шикі картопты үккіштен өткізіп, сөлін сығып алыңыз.
  • Мақта дөңгелекшелерін картоп сөлімен дымқылдап, оларды көзіңізге басып, 10 минутқа қалдырыңыз. Артынша сумен жуып тастаңыз.
  • Одан да жақсы әсер алу үшін, процедурадан кейін көзіңіздің айналасына зәйтүн майын жағып, массаж жасауыңызға болады. Процедура күнделікті жасалып, 2 аптаға жалғасуы керек.

Қиярдан жасалған компресс

10115215-cucumber-1309563_1280-650-1465900216

Қиярдың құрамында антиоксиданттар көп мөлшерде кездеседі. Оған қоса қиярдың ағартатын қасиеті бар.

  • Қиярды дөңгелектеп турап, 30 минутқа тоңазытқышқа салып қойыңыз.
  • 30 минуттан соң қиярды тоңазытқыштан алып, көзіңізге басыңыз. Қияр дөңгелектері көз айналасындағы қиындық тудыратын аумақтың бәрін жауып тұруы тиіс.
  • Қиярды көзіңізде 10-15 минут ұстап, артынан салқын сумен жуыныңыз. Процедураны бір апта бойы күнделікті жасағаныңыз абзал.

Шай компрессі

10114765-cup-829527_1280-650-1465900216

Шай – кофеин, таниндер мен антиоксиданттарға бай. Ол – көз астының қараюы мен ісінуіне қарсы таптырмас құрал.

  • Қара шайды немесе көк шайды қайнатып, суығанын күтіңіз. Мұнан соң мақта дөңгелекшелерін шайға малып алып, оларды көзіңізге басып қойыңыз. Бұл ретте шай қалташаларын да қолдануыңызға болатынын айта кеткеніміз жөн.
  • Компрессті көзіңізде 10-15 минут көлемінде ұстаңыз. Аталған процедураны бір апта бойы күнделікті жасап отырсаңыз, жағымды өзгерістерді байқарыңыз анық.

Сүт пен наннан жасалған маска

10114965-milk-642734_1280-650-1465900216

Сүт теріні сергітіп, ылғалдандырады және ағартады. Ал нанның құрамында теріні тыныштандырып, бөртпелерден арылуға сеп болатын В дәруменіне бай ашытқы бар.

  • Нанды сүтке салып, жұмсартып, ботқа жасаңыз.
  • Қоспаны көз айналасына жағып, 10-15 минутқа қалдырыңыз. Артынша сумен жуыңыз.

Қызанақ шырыны

10115015-tomato-316744_1280-650-1465900216

Қызанақтың құрамында қылтамырлардың қабырғасын нығайтатын ликопин антиокисданттары бар.

Көз айналасындағы қиындық туғызатын аумақтарға қызанақ шырынын жағып, 10 минутқа қалдырыңыз. 10 минуттан соң салқын сумен жуыныңыз. Екі апта бойы күнделікті көз айналасына қызанақ шырынын жақсаңыз, міндетті түрде оң нәтижеге қол жеткізесіз.

Ақжелкен қосылған сүзбе маскасы

10114815-cheese-689652_1280-650-1465900216

Сүзбе теріні нәрлендірсе, ақжелкен – көз астының қараюымен күресуге арналған ең жақсы құралдардың бірі болып табылады.

  • Ақжелкеннің ұсақтап туралған жапырағы мен тамырының 1 ас қасық мөлшеріне 2 ас қасық майлы сүзбе мен 1 шай қасық қаймақ қосып, жақсылап араластырыңыз.
  • Қоспаны көз айналасының қиындық туғызатын аумақтарына жағыңыз. 15 минуттан соң салқын сумен жуып тастаңыз.

Бұл масканы ұдайы жасасаңыз, теріңіз жарқырай түсіп, көз астының қараюы мен ұсақ әжімдер байқалмайтын болады.

Массаж  бен жаттығулар

10115165-8-troksevazin-ili-trokserutin-ot-sinyakov-pod-glazami-650-1465900216

Бұл жаттығулар көз астының қараюынан арылуыңызға себін тигізіп қана қоймай, көздің көруін де жақсартады.

Массаж:

  • Саусақ ұшымен көз айналасын 2-3 минут уқалаймыз. Көз алмасына салмақ түсірмес үшін, қабаққа массаж жасамағаныңыз жөн.
  • Массаждан кейін көз айналасына көз айналасы терісінің күтіміне арналған құрал жаққаныңыз абзал.

Жаттығулар:

  • Көзімізді жұмып, сұқ саусағымызбен көздің шеткі бұрышын басамыз. Ол әжімдердің пайда болуының алдын алады.
  • Көзімізді қатты жұмып, 6 секунд осы күйде тұрамыз. Артынан қабағымызды босаңсытамыз. Жатттығуды кемінде 10 рет қайталау қажет.

Шөпті мұз

10114715-DSCN5979-650-1465900216

Мұздың тері үшін пайдасы мол. Ол теріні созылғыш етіп, әжімдерді жазып, ісінулерді басады. Ал емдік шөптердің қайнатпасынан қатырылған мұздың әсерін сөзбен айтып жекізгісіз.

Қажетті заттар:

  • шатыраш шөбі
  • түймедақ пен кекіре гүлдері
  • ақжелкен

Дайындалуы:

  • Шөптің әр түрінен 1 шай қасық мөлшерде аламыз.
  • 200 мл ыстық су құйып, 2 сағатқа қойып қоямыз.
  • Қайнатпаны суытып, мұз қатыруға арналған қалыпқа құйып, мұздатқышқа қоямыз. Күнделікті таңертеңгісін көз айналасы терісін шөпті мұзбен 30 секунд сүртіңіз. Екі апта бойы күнделікті жасалған бұл процедураның тамаша әсері де ұзақ күттірмейді.
Талқылау