Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үй-күйсіз кезбе марқұм күйеуінің туысқандарынан өзінің зейнетақасын ала алмай жүр

Роза Темірболатова күйеуі қайтыс болған соң, ортақ үйлерінен айырылып қалған. Бұған туған әпкесі мен оның ұлы себепші болып отыр. Ал зейнетақысын күйеуінің жиен қарындасы тартып алған.

ьотр

Бұл туралы “Пендеміз ғой” бағдарламасында айтылды.

«Тұрмыста болғанмын. Бала-шағам жоқ. Жолдасым бірнеше жыл бұрын қайтыс болып кетті. Астанада ағамның ұл-қыздары бар. Бірақ олар маған көмектеспейді. Әке-шешем қайтыс болғалы, менімен араласпайтын болды. Бұрын жер үйде тұрғанбыз. Сол жерде бір келіншекпен танысып, сырласатынбыз. Қазір соның қолында тұрып жатырмын. Пәтерге ақша төлемеймін, бірақ күнделікті азық-түлік әкелуге міндеттімін. Жұмысым жоқ. Мешіттің алдында тұрып қайыр сұраймын. Осылай жүргеніме 2-3 жылдың көлемі болды. Өзім де, күйеуім де ішімдік ішкен емеспіз. Екінші рет тұрмысқа шыққым келмейді. Жалғыздықтан қорықпаймын. Тек жеке тұруды армандаймын. Құжаттарымды күйеуімнің жиен қарындасы Шымкентке алып кеткен. Зейнетақымды сол кісі алып жатыр», – дейді Роза Темірболатова.

Психолог Венера Тельжан кезбе әйелдің  терең психологиялық ауруға шалдықпағанын айтып қуанды. Тіпті, қалыпты өмірге қайта оралып, тұлғалық қасиетін қайтаруға мүмкіндігі бар екенін сөз етті.

«Бұл кісі жалғыздықты аңсап отырған жоқ. Терең психологиялық жарақат салдарынан, туысқандарынан, бүкіл қоғамнан қашып кетпек. Менің қуанып отырғаным, сіз ауру емессіз. Сізде шизофрения жоқ. Тек неврозды емдеу керек. Құжаттарыңызды қайтара салысымен поликлиникаға қаралыңыз. Өкінішке орай, елімізде сіз секілді күйеуі қайтқан соң күйзеліске ұшырайтын әйелдер өте көп. Сол кезде қоштайтын туысқаны немесе дос-құрбысы болмаса, адам осындай қалға түседі. Бүгін сізге барлығымыз көмектесейік. Жағдайыңыз толықтай түзеліп кететініне сенімдімін. Сіз бар болғаны жеке тұлғалық қасиетіңізді жоғалтып алғансыз. Өйткені өзіңізге тиесілі заттарды қайтара алмай отырсыз. Соларды қайтарған кезде бойыңызда сенімділік те пайда болады», – дейді маман Венера Тельжанқызы.


Жіберіп алмаңыз:

Түркістанда жас жұбайлар тойын оңалту орталығындағы балалармен бірге өткізді (фото)

Оңтүстік тұрғыны 2 млн теңгеге «ЭКСПО» билетін  сатып алды

ОҚО-да 47 жастағы ер адам өзіне жар іздеп жүр

Ауруға шалдықтыратын сөздер

Талқылау