Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үстіне дәрет шашылған полицейге қатысты сот шешімі өзгертілді

Қарағанды облыстық соты сот ұжымының шешімімен көлік жүргізушісін шапалақпен тартып жібергені үшін 5 жылға сотталған полицей Төлеген Игібековке тағайындалған жаза өзгертілді.

policiyayaya

Сурет titus.kz 

“Сот шешімімен Төлеген Игібековке тағайындалған жаза өзгертіліп, ҚР ҚК 63 бабына сәйкес, жаза шартты түрдегі жазасын өтеу мерзіміне ауыстырылды. Бұл үшін біз жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Бірақ, бұл пагон таққан шенділердің қол көтеруіне бола береді дегенді білдірмейді. Біз оның отбасылық жағдайы мен кішкентай балалары бар екеніне түсіністікпен қараймыз”, – деді сот отырысы барысында облыстық сот төрағасы Мұсабек Әлімбеков.

Ол сондай-ақ, ол шешім шығарылғаннан кейін, тәртіп сақшысының бірден босатылатынын мәлімдеді. Бірер күн бұрын ғана полицейдің екінші баласы дүниеге келіпті.

Бұған дейін Жезқазған қалалық соты 22 жастағы полицейді 5 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Төлеген Игібеков өзінің үстіне дәретін шашып жіберген көлік жүргізушісіне ашуланып, оны шапалақпен ұрғаны үшін айыпталған еді. Алдыңғы сот шешімімен оның туыстары да келіспеген.

Талқылау