Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш жігіт зейнеткер әжейдің басына шелек кигізіп, жұдырықпен бір ұрды (видео)

Өзбекстанның Самарқанд қаласында үш бұзақы зейнеткер әжейдің басына шелек кигізіп, жұдырықпен бір қойды. Бұл көріністі видеоға түсіріп тұрды.

Зейнеткерді мазақ еткен екі жігіт ұсталды. Оқиға мамыр айының ортасында Сиаб базары маңындағы “Шодиёна” сауда орталығында болды.

Видеодан байқасақ, жеткіншектің бірі әжейдің басына байқатпастан шелек кигізіп, екіншісі бар күшімен шелекті бір ұрды. Үшіншісі видеоға түсіріп тұрды. Олар осы әрекетінен кейін әбден күлісті. Үш жігіттің түсірген видеосы желіге кең тарап кетті.

Полицейлер екі жігітті дереу қолға түсірі. Ал, видеоға түсірген үшінші оқушы іздеуде. Үш жеткіншекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау