Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш баласын өлтіріп, өзі асылған әйелдің мұндай әрекетке баруының себебі айтылды

Бүгін Өскеменде үш баласын өлтіріп, соңынан өзі де асылып қайтыс болған әйелдің жақындары төрт адамның денесін жер қойнына тапсырды. Бір отбасының төрт мүшесін соңғы сапарға шығарып салу үшін 100-ге жуық адам жиналды,-деп жазады YK-news.kz сайты.

жіппп

Есте болса, 27 сәуір күні Өскемен тұрғыны 2005, 2007, 2013 жылдары туылған үш баласын асып өлтірген еді. Олардың соңынан өзі де  қайтыс болған.

Балалардың әкесіне қолдау көрсету  үшін туған-туыстарынан бөлек, әріптестері де келген. Олардың барлығы дерлік  болған жайтты естіген кезде сенер, сенбестерін білмей қалған. Жиналғандар ерлі-зайыптылардың арасында бұған дейін ұрыс-керіс болмағанын айтады.

«Әріптесіміз үлгі боларлықтай әке. Ол балаларына әрі әке, әрі анасы еді. Ұлы ауырып қалған кезде онымен бірге ауруханада жатты. Балалары үшін жанын қоюға жер таппай кететін. Әйелінде психологиялық ауытқушылық болып тұратын»,-деді отағасының әріптесі.

Қазір қайғылы жағдайдың себебін тергеушілер анықтап жатыр.

Талқылау