Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістандық жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қыз АҚШ-тан іздестіріліп жатыр

4 жыл бұрын хабарсыз кеткен Ақмарал Әбдіхан іздестіріліп жатыр. Бұл туралы ҚР СІМ Консулдық қызмет департамент директоры Ардақ Мәдиев ҚазАқпарат тілшісіне айтты.

«Ақмарал Әбдіхан туралы мәселе әрдайым біздің бақылауымызда. 2 күн бұрын оның анасы бізге келді. Біз оны бүкіл әлемнен іздейтін боламыз», – деді ол Астанда өткен базпасөз конференцияда.

Оның айтуынша, Ақмарал 2010 жылы  тұрмысқа шығып Индияға кетті. Сосын оның іздері Мәскеуде, кейін Маврикияда көрінді.

Сонымен қатар ол қазір АҚШ-да жүр деген болжам бар екенін айтты. Қазіргі уақытта СІМ консулы қызды Америкадан іздеп жатыр.

«Қазірге дейін ол анасына 3-4 рет қана қоңырау шалған. Оның анасы мен туысқандарына  байланысқа шықпауы іздеуге қиындық әкеледі», – деді ҚР СІМ өкілі.

Айта кетейік, Ақмарал Әбдіхан 2013 жылы  Үндістанда жоғалып кеткен еді. Ол күйеуімен сол жерге барып, кейін қайда кеткені белгісіз болып отыр. Ақмарал үндістандық күйеуімен Қазақстанда қызметте жүргенде танысқан.

Тағы оқыңыз:

Қытай түрмесінде жатқан Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылуы мүмкін

Жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан әйел мен 4 жасар қызды көлік қағып кетті

Мұхтар Құл-Мұхаммед шахтерлерді жер астынан шығуға шақырды

 

Талқылау