Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістандық жеткіншек тапаншамен селфи жасамақ болып өзін атып жіберген

Үндістанда Рамандип Сингх есімді жеткіншек пен оның қарындасы әкесінің таманшасымен селфи жасап жатқан. Жеткіншек телефонның тетігін басам деп тапаншаның шүріппесін басып жіберген.

87e72f0c514e495beecf4bec3cf9da8d_L (1)

Сурет: Hindustantimes

Көршілері дауысты естіп, құқық қорғаушылар мен жедел жәрдемді шақырған. Дереу 15 жастағы жеткіншік ауруханаға жеткізілген. Бірақ оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Қайғылы оқиға кезінде балалардың ата-анасы үйде болмаған.

Жіберіп алмаңыз:

Мәскеуде ер адам 20-қабатта селфи жасамақ болып қайтыс болды

 

Талқылау