Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістандық монах жыныстық қатынастан бас тарту арқылы 120 жасқа келген

Үндістандық монах Свами Шивананда жыныстық қатынас пен түрлі дәмдеуіштен бас тартқандықтан, осы күнде 120 жасқа келгендігін айтып жатыр.

0

“Мен майсыз, артық қоспасыз қарапайым тағамдарды тұтынамын. Сүт пен жеміс-жидектен де бас тартқанмын. Йога мен тәртіптің арқасында көп жасадым”, – дейді еркек.

Свами Шивананда 1896 жылы 8  тамызда дүниеге келген. Бес жасында ата-анасы қайтыс болып, туысқандары оны діни ұстаздың тәрбиесіне береді. Есейген соң Шивананда бар өмірін ғибадат етуге арнайды. “Дәл қазір адамдар бақыт пен денсаулықтың, адалдықтың не екенін түсінбейді. Осы нәрсе жаныма батады”, – дейді Шивананда.

Монахтың шәкірттері оған Гинесс рекордтар кітабына тіркелуге кеңес берген. Әрі Свами сырт көзге 50 жастағы шалдай көрінеді екен. Ал жер бетіндегі ең кәрі жапониялық Дзироэмен Кимура 2013 жылы 117 жасында қайтыс болған болатын.

 

Талқылау