Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел күйеуін өлтіріп, ата-енесін алдау үшін көңілдесінің бетіне қышқыл шашқан

Үндістан тұрғыны күйеуін өлтіріп, көңілдесінің бетіне қышқыл шашты. Бұл туралы Gulf News India хабарлады.

Фото: patrika.com

Басылымның хабарлауынша, Телингана штатының 28 жастағы тұрғыны Сваси (Swathi) көңілдесі Раджешпен (Rajesh)  күйеуі Судхакарды (Sudhakar) 2 жыл бұрын өлтіруді жоспаралаған. Бірақ ол жоспары кейінге шегерілген. Кейіннен Судхакар әйелі Свасидің көңілдесі бар екенін біліп қалған. Содан қорыққан әйел күйеуін өлтіріп, кілемге орап, жақын маңдағы орманға апарып өртеп жіберді.

Екі күн өткеннен кейін көңілдесінің келісімімен бетіне қышқыл шашты, күйеуінің ата-анасына шабуыл жасағанын айтады.  Олар жігітті ауруханаға жеткізіп, полицияға арыз жазды. Бірақ, ата-анасы Судхакардың сүйікті тағамы қой етінен жасалған сорпаны  ішпегеніне таңғалып, күмәндаған.

Кейін ауруханадағы жігіттен саусақ іздері алынып, мән-жай анықталды. Сваси мен оның көңілдесі қылмыстарын мойындап, оларды тұтқындады.

Полицияның айтуынша, әйелді 2014 жылы Yevadu («Кто») фильмінің сюжеті шабыттандырған. Онда кейіпкерлердің бірі басқа адамды бейнелеу үшін пластикалық операция жасаған.

Тағы оқыңыз: 

Депутат: шахтерлердің жалақысын көтеру керек

Қызылордадағы Айтбай мешітінде түбі жерасты жолдарына апаратын құпияға толы құдық бар (фото)

8 бала асырап алған жамбылдық полицей “100 жаңа есім” жобасына кірді

Бауыржан Момышұлы: Мен де екі жыл жер тепкілеп, ефрейтордан таяқ жеген солдаттың бірі болдым

Талқылау