Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төрт аяқты, төрт қолды және қос кеуделі сәби дүниеге келді (фото)

23 маусым күні Үндістанда қос кеуделі, төрт аяқты және төрт қолды қыз бала дүниеге келді.

sd-baby-muzz

Бұл туралы ағылшын басылымы The Sun жазды.

Түр-келбетінен адам шошитын нәресте көп ұзамай көз жұмды.

Ерекше сәби Үндістанның солтүстік-шығысында орналасқан Бихар қаласында туылды. Төрт аяқты бала туралы хабар тараған соң Бихардағы аурухананың алдына жүздеген адам жиналды. Олар сәбиді көргісі келді.

Нәрестенің анасы Савита Деви тоғыз ай құрсағында көтерген сәбиінен айырылып қалғанына өкінетінін жеткізді. Алайда:

«Егер ол тірі болса, оның әр күні өлімге ұқсайтын еді», – деді ол.

Нәрестенің әкесі Суреш Пилдің айтуынша, олар жүктілік кезінде дәрігердің бар айтқанын бұлжытпай орындапты.

sd-baby-muzz-2

«Еңбекке жарамды баламыз болады деп үміттенген едік. Алайда тағдыр басқаша жазыпты. Бірақ бұл барып тұрған қатігездік. Біз сырт-пішіні өзгеше баланың ата-анасы атандық. Не қуанарымды не қызыма аяушылық танытарымды білмедім», – деді ол.

Сурештің пікірінше, құдіреті күшті Жаратқан оларды қандай да бір күнәлары үшін жазалаған.

«Бәлкім өткен өмірімізде жасаған күнәміз үшін Құдай бізді жазалаған шығар», – деді ол.

Дәрігер Мукеш Кумардың айтуынша, бала толық жетілмегіндіктен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

«Ол тумысынан деформацияға ұшырады. Ұрық ананың жатырында нашар дамыған», – дейді дәрігер.

Жіберіп алмаңыз:

Қорқынышты кадрлар: Анасы 1,5 жасар ұлының жанынан “елес баланы” көрген

Әйелі қонақүй бөлмесіне кіріп келіп күйеуінің көңілдесін ұрып тастады (видео)

Пәкістан алғаш рет трансгендерге “Х” деген белгісі бар төлқұжат берді

Джонни Депп Трампты өлтіру туралы әзілі үшін кешірім сұрады

Талқылау