Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістандық телехикаяға бола жүздеген адам төбелес шығарды

Бангладеште үндістандық телехикаяға бола жүздеген адам өзара жанжалдасқан. Артынша жанжалдары төбелеске ұласқан. Жүздеген адам жарақат алып, оның 15-і ауыр хәлде ауруханаға түскен.

8e442d30b71d73140b913bd859be804f

Дхол елді мекенінде екі ер азамат “Киранмалы” телехикаясы туралы сөз қозғаған. Аталған туынды зұлымдықпен барын салып айқасқан ханшайым туралы. Олар жаңа маусымның қалай өрбитінін болжаймыз деп сөз таластырған. Артынша бір-біріне жұдырық ала жүгіріп, пышақтасуға дейін барған.

18 тамыз күні түнде басталған ұрыс таңертеңге дейін жалғасқан. Ұрыс кезінде жергілікті мейрамхана талқандалған. “Фантастикалық киноға бола дәл осылай төбелесіп жатқанымыз өкінішті. Телеарналардың оларды сүзгіден өткізгені жөн”, – деп жазады блогшы Аминур Рахман.


Жіберіп алмаңыз:

Сәбит пен Айгүл махаббат туралы телехикаяға түсіп жатыр

Кәмшат Жолдыбаева мелодрамалық телехикаяға түсіп жатыр (фото, видео)

Сәдуақасованың ұлы махаббат туралы “телехикаяға” түсті (фото)

“Стамбул көшелері” телехикаясындағы Маджит пен Нериман шаңырақ көтерді

Талқылау