Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда сиырды өлтіріп, оның етін тасымалдаған адам өмір бойына сотталатын болды

Гуджара штатының билігі парламентке сиырды өлтіріп, оның етін тасымалдағандарды өмір бойына бас бостандығынан айыруды туралы заң жобасын ұсынды.

1318096048_ind5

Бұл туралы The Guardian хабарлайды.

Бұрыннан пайдаланып жүрген заңнама бойынша заң бұзушы 7 жылға бас бостандығынан айырылып, сонымен қатар 50 мың рупий айыппұл төлейді.

“Біз бұл заңды мейлінше қатаң қылып жасағымыз келеді”, – деді “Бхаратия Джаната” партиясының мүшесі, Гуджара штатының бас министрі Виджай Рупани.

Өмір бойына бас бостандығынан айырумен қатар, сиыр етін тасығаны үшін қылмыскердің автокөлігін де тәркілеу мәселесі қарастырылмақ.

Басылымның мәліметінше, “Бхаратия Джаната” партиясының мүшелері бастық болып отырған штаттарда бұл заң сонау 2014 жылы да қатаңдатылған екен. Аталмыш партияның көшбасшысы ел премьер-министрі Нарендра Моди.

Қазіргі таңда сиыр етін пайдалануға Үндістандағы 29 штаттың тек 8-інде рұқсат. Сиырдың олар үшін қасиетті жануар екеніне қарамастан, елдің оңтүстігінде қоныстанған халық оның етін тамаққа пайдалана береді.

Үндістан тұрғындарының басым бөлігі (80 пайыз) индуизм дінінің әртүрлі ағымын ұстанады. Халқы 1,3 миллиард үнді еліндегі 13,4 пайыз адам мұсылман дінінде. Христиан дінінің табынушылары шамамен 2,5 пайызды құрайды.

Оқи отырыңыз:

Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінде намаз оқып тұрған азамат сәждеде көз жұмды (фото)

42 жастағы америкалық әйел кәмелетке толмаған оқушыларды зорлағаны үшін жауапқа тартылды

Қырғызстан президентінің қызы жалаңаш суретін жариялап елдің сынына ілікті

БАӘ билігі некесіз жыныстық қатынасқа түскені үшін украин қызын тұтқынға алды

Талқылау