Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда леопард мектепке кіріп кетіп, бес адамды жарақаттаған

Жануар жексенбі күні мектепке кіріп кеткен. Ол күні ресми жұмыс күні болмағандықтан оқу ордасында санаулы ғана адам болған. Соның өзінде жыртқыш ғимаратта жүрген бес адамды жарақаттаған.

10973918

Сурет РИА Новости сайтынан алынды

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Үндістанның оңтүстігіндегі Карнатака штатындағы мектептердің біріне Леопард кіріп кеткен. Жыртқыш мектепке кірген күн демалыс уақыты еді. Алайда, ғимарат ішінде жүрген бес адам оның шабуылынан зардап шегіп ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

«Біз леопард кіріп кеткен бөлмені сыртынан құлыптап, оған тор арқылы дәрі ектік. Сосын оны тордың ішіне салып Баннергхатадағы хайуанаттар бағына апардық», – дейді Орманды қорғау агенттігінің басшысы Рави Ральф.

Оның сөзінше, леопард жақын маңдағы ормандардың бірінен келіп мектепке жексенбі күні кірген. Бұл жыртқыштар жемтігін іздеп, адамдар тұратын елдімекендерге жиі келеді екен.

Талқылау