Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда қазақ жігіті сиыр етіне деген сүйіспеншілігі үшін дауға ілікті

Үндістанда қазаққ жігіті етке деген сүйіспеншілігі үшін дауға қалды, деп жазады Today.kz жергілікті The Indian Express газетіне сілтеме жасай отырып. Басқа да шетелдік студенттермен қатар ол сиыр етін қолданды деп күдікке ілінді.

ет

“Агра полициясы желіде таралып кеткен, Хинди орталық институты кампусында түсірілді болжам бар, туралған сиыр етіне байланысты тергеу амалдарын бастады, өйткені бұл жайт Бүкіләлемдік үнді кеңесі мүшелерінің наразылығын тудырды. Жалпы халықтық наразылық үнді үкіметін тексеріс жасауға итермеледі”, – деп жазады басылым.
#beef party (“ет кеші”) хештегімен таралған суретте бөлмесінде ет турап жатқан, сиыр еті болуы керек, үш шетелдік студент бейнеленген. Полиция басшысының орынбасары Анураг Чан бастаған Агра полициясы тексеру жүргізіп жатқан сәтте, 19 наурызда институт сыртында наразылық акциясы өткен. ЖОО ректоры Чандра Кант Трипатхи адамдарды тергеу жүреді деп сендірген. Оның айтуынша, сегіз жоғары шенді қызметкер кірген арнайы комиссия құрылған. Комиссия мүшелері полициямен бірге жатақхананы тексеруге қатысқан, дегенмен күдікті ештеме табылмаған. Ол күні демалыс болған соң, куәгер болар өзге студенттер де болмаған.

Сонымен бірге ректор оқу орнында 500 студент білім алатынын, оның 70 шетелдік азаматтар екенін айтады. Жалпы желіге ет тураған төрт сурет тарған, онда бейнеленген Қазақстан, Түркия, Ауғаныстан және Болгария азаматтары.
Алдын алу шарасы ретінде институт сыртына полиция посттары орналастырды. Бұл арандатушылық пен тәртіпсіздіктер орын алмас үшін жасалған. Ректордың сөзінше, тексеріс кезінде студенттер жатақханада болмаған, дегенмен, олар қайтып келгенде де олардың айыпсыз екендігіне күмән жоқ.

Айта кетейік, суретке наразылық танытқан Бүкіләлемдік үнді кеңесі мүшелерін, қоғам діни экстремизм үшін жиі айыпқа алады.

Үндістанда сиыр қасиетті жануар саналатыны белгілі. Бірнеше штатта сиырды союға тиым салынған. 2015 жылы ел президенті мемлекеттің қаржы астанасы Мумбаи орналасқан Махараштра штатында да сиыр етін пайдалануға тиымды мақұлдаған. Заңды бұзушыларға 10 мың рупий (50 мың теңге) айыппұл салынады немесе бес жылға бас бостандығынан айырылады. Дегенмен, елде 30 мыңға жуық сиыр соятын заңсыз қасапханалар бар.

Талқылау