Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда қарапайым есепті шығара алмаған күйеуін менсінбеген келін той үстінде кетіп қалды

Қызық оқиға Үндістандағы той салтанаттарының бірінде болған. Күйеуі қарапайым арифметикалық есепті шығара алмағаннан кейін, келін осыған ашуланып той үстінде кетіп қалған.

note320

Фото: innews.su

Бұл туралы Associated Press хабарлайды.

Қыз болашақ күйеуінен 15-ке 6-ны қосуды сұраған. Жас жігіт бұған 17 деп жауап қайтарыпты. Сол кезде қыз оған тұрмысқа шығудан бас тартқан.

Оқиға Расулабад ауылында болған. Жергілікті полицияның айтуынша, күйеудің туыстары келінде қайтаруға тырысқанымен, еш нәтиже болмаған. Келіннің әке-шешесі де күйеудің соншалықты сауатсыз болғанына ренжулі көрінеді. Кейін полицияның араласуымен ғана екі тарап бір-біріне той сыйлықтарын қайтарып берген.

Мұндай жағдайлар Үндістанда жиі қайталанады. Бұған көбінесе себеп болатын нәрсе екі жасты ата-аналар өзара келісіп үйлендіруі. Көп жағдайда жігіт пен қыз неке қию рәсімінде бір-бірін алғаш көріп те жатады.

Оқи отырыңыз:

Жігітінен қалыңмалдың ақшасын алып алған қыз қашып кетті

Ресейде Samsung Galaxy телефонының кесірінен үш қабатты зәулім үй өртке оранды

Әлемдегі ең әдемі бет иесі анықталды (фото)

30 жастағы америкалық өзін Билл Клинтонның некесіз туған ұлы деп есептейді

Талқылау