Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда ит өз иесін жолбарыстың шабуылынан құтқарып қалды

Үндістандағы ұлттық парк аумағынан шығып кетіп, ауылға келген жолбарыспен текетірескен ержүрек арлан ит өз иесін құтқарып қала алды.

1443441029

Сурет ria.ru

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Оқиға сенбі күні түнде Уттар-Прадеш штатындағы Дадхва саябағына жақын орналасқан Барбатпур ауылында болған. Фермер Гурдев Сингх ашық аспан астында ұйықтап жатқан. Ал оны көмекші иті Джеки күзетіп тұрыпты. Жыртқыштың жақын қалғанын сезген ит, шабуылға дайындалып, өз иесін қорғаған.

Ал адам оянып, дабыл қаққан мезетте жолбарыс итті жәукемдеген күйі қашып кеткен. Кейінірек иттің денесі ауылдан алыс емес жерден табылды. Джеки бірге тұрған отбасы итті құрметпен жерлеген.

Талқылау