Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда егіз балалар кір машинасының ішіне құлап кетті

Үнді елінің астанасы Делиде кір машинасына құлап кеткен Никшант және Накши есімді егіз балалар қайтыс болды.

getImage

Бұл туралы Hundistam Time хабарлайды.

Алдын ала деректер бойынша, егіздердің біреуі алдымен жиылған кірдің үстіне шығып машинаға құлап, екіншісі де соның ізінен кеткен.

Егіздердің анасы Ракши жартылай автоматты машинаны 15 литр сумен толтырған. Оның қасына әйел жуылатын кірлерді қалдырады. Сосын үйде кір ұнтағының жоқ екенін байқап, жақын маңдағы дүкенге кеткен.

Үйіне келген әйел балаларды таппай қалады. Ол бірден күйеуіне хабарласып, полиция шақырған. Әкесі жарты сағат іздеп, ақырында балаларды кір машинасының ішінен тапқан.

“Балаларды жақын жердегі ауруханаға жеткізген соң барып, олардың көз жұмғаны белгілі болды. Олардың екеуі де машина ішіне баспен құлаған”, – деді полицейлер.

Ерлі-зайыптылардың егіздерден бөлек үлкен ұлы бар. Қайғылы оқиға кезінде ол мектепте болған.

Оқи отырыңыз:

Қытайда сауда үйіне келуші өз балаларын төртінші қабаттан құлатып алды

Науқас емханада екі дәрігер әйелді есінен танғанша аяусыз сабап тастады (видео)

Шымкент тұрғындары өз-өзін өлтіргелі жатқан ер адамды құтқарып қалды (видео)

Қарағандыда саңырау анасы 2 жасар қызының ыстық суға құлап кетіп көз жұмғанын байқамаған

Талқылау