Үндістанда ауыл тұрғындары 6 жасар баланы Құдай көріп сыйынып жүр (фото, видео)

Сәрсенбі, 9 Қараша , 2016 12:22

Үндістанда ауыл тұрғындары 6 жасар баланы Құдай ретінде көріп, оған табынып жүр. Тұрғындардың пікірінше, Праншудың тәніне үндістердің бір Құдайының жаны қонған болуы мүмкін. Себебі оның сырт келбеті Ганеш Құдайына қатты ұқсайды.

ad_225360868

Праншу Пенджабтағы Джаланхар (Jalandhar) елді-мекенінде тұрады. Дүниеге келген кезінде-ақ оның көздері қысыңқы әрі маңдайы ісіңкі болған. Дәрігерлер оның денсаулығына қатысты нақты байламға келе алмаған-ды, деп жазды Metro.

ad_225360790

Оның ерекше бет-әлпетіне зер салған ауыл тұрғындары жас баланы Құдайға теңеп, оған «Лорд Ганеш» (авт. Ганеш – үндістер табынатын Құдайлардың бірі) деп ат берген.

ad_225360802

Баланың әкесі Камлеш те тұрғындардың көзқарасына түсіністікпен қарайды. Осы орайда ол әр бейсенбі сайын ұлын ғибадатханаға алып барып, халықпен кездесуіне мүмкіндік туғызады.

ad_225360789

Суретте: Праншу отбасымен бірге

«Ол – Құдай. Басқа адамдар сияқты мен де оған табынамын. Себебі оның денесі Ганеш Құдайының мүсінінен аумайды», – деп атап өтті жігіттің әкесі.

ad_225360799

Праншу әкесімен бірге велосипедпен ғибадатханаға жол тартты

«Ол әрбір адамға өз батасын береді. Онымен жүздескен әрбір ауыл тұрғыны қалаған арманына қол жеткізеді. Одан бөлек, ұлым күн сайын мектепке барады. Көрген адамдар оған үнемі гүл сыйлайды», – деп атап өтті әкесі.

«Менің түр-әлпетім Ганешке ұқсайды, адамдар менің шынайы есімімді де білмейді. Мектептегі ұстаздарым да маған құлшылық жасайды. Ал достарым мені Құдай санағандықтан, менімен ойнап немесе қорқытпайды. Адамдар мені Ганеш Джи деп атаған кезде өзімді бақытты сезінемін. Мен тек соған ұқсағым келеді. Үлкен басыма да, бет-әлпетіме де дән ризамын», – деп атап өтті кішкентай Праншу.

ad_225360812

Адамдар батасын алу үшін Праншудың айналасына жиналып алды

ad_225360857

Праншу «Лорд Ганеш» атағына ие болды

ad_225360871

Әйел Праншудың батасын алу мақсатында кішкентай қызын оған табынуды үйретті

ad_225360884

Бойжеткен Праншудың аяғын ұстап, сүйіп жатыр

ad_225360902

Жіберіп алмаңыз:

Хиджаб киетін қыздар үшін арнайы шампунь шығарылды

Нобель сыйлығының иегері 1 миллион долларды қайырымдылыққа жұмсап жіберді

Америкалық әйел бір уақытта 17 ұл бала босанды (фото)

Жеміс-жидек диетасын ұстанған 46 жастағы әйелдің сырт келбеті екі есе жас көрінеді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

8
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
23 күні 7 сағат кері

По истине они дрова для Ада

Анонимно
23 күні 10 сағат кері

Аллага шукыр мусылман Болып туылганыма)))

Анонимно
23 күні 23 сағат кері

Біреудің дінін таптап сөз жазуға болмайды.

Анонимно
23 күні 7 сағат кері

Неге болмайды олар тозактын отындары.Биздин казактар наданлар

Анонимно
24 күні 8 сағат кері

не деген дін мен мұсылман болғаныма қуанып отырм

Анонимно
24 күні 9 сағат кері

Алхамдуллилах мусылманмын. Шукир АЛЛАХ

Анонимно
24 күні 15 сағат кері

Ширк

Анонимно
24 күні 17 сағат кері

Осындай жағдайды окығанда мүсылман болып туылғаныма, Ұлы ЖАратушы иемізді танығанға сансыз шүкір айтасын. Қандай надандық????????????

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар