Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістан жайлы көпшілік біле бермейтін қызықты 10 мәлімет

Үндістан – бай мәдениеттің отаны. Басқасын айтпағанда, бұл мемлекет жер шарындағы ең үлкен популяцияға ие. Әрі Үндістанда әлемдегі ең экзотикалық әйелдер тұратыны ешкімге де жасырын емес.

Үндістан жайлы көпшілік біле бермейтін қызықты 10 мәлімет
Ұзақ уақыт бойы үнділердің территориясы мен халқы Ұлыбританияның ықпалында болған. Соған қарамастан, үнділер Құдайға деген сенімдері мен діни-нанымдарын жоғалтқан емес.Тәуелсіздікке қол жеткізсе де, Үндістан халқының тұрмыстық ахуалы жақсара қойған жоқ. Кедейлік, лас іспен айналысатын арам адамдар, дамуы жағынан артта қалған қалалар – Үндістанның нағыз сипаты.

Алайда Үндістанның ел біле бермейтін жақтары да бар. Назарларыңызға Үндістан туралы 10 қызықты деректі ұсынамыз.

 2022 жылға қарай Үндістан халық саны жағынан Қытайдан асып түсуі мүмкін

1470927547_naselenie-indii-mozhet-stat-bolshe-chem-kitaya-uzhe-k-2022-godu

Халықтың саны жағынан әлемдегі бірінші орнын жоғалтқысы келмесе Қытай халқына бір отбасында бірнеше балаға дейін рұқсат беру керек шығар. Өйткені 2022 жылға қарай Үндістан халықтың саны жағынан Қытайдан асып түсуі мүмкін. Мұны мамандардың 75%-ы растап отыр.

Алайда халық санының артуы бұл елде кедейшілікті арттырып, тіпті, ашаршылықа душар етуі мүмкін. Оның салдары әдетте азаматтық соғыспен аяқталады.

Әлемдегі ең көптілді мемлекет

1470927505_samaya-mnogoyazychnaya-strana-v-mire

 

Үндістанға баратын туристер көп. Сол себепті үнділердің басқа халықтармен салыстырғанда көп тіл үйренуге мүмкіншіліктері көп.

Бір кездері лингвистер Үндістан халқының неше тілде сөйлейтінін анықтаған еді. Нәтижесінде үнділердің 415 тілде сөйлейтінін білгенде ғалымдардың өздері қатты таң қалған.

Үндістан – мегаполистер ордасы

Нью-Делиде шамамен  23,3 миллион халық тұрса, Мумбайда – 23 миллион, ал Калькуттада 16 миллион адам қоныс тебеді. Үндістанда халқы әлемдегі кейбір мемлекеттердің халық санынан асып түсетін басқа да көптеген мегаполистер бар.

Қалалардағы адамдардың тығыз орналасуы олардың экономикалық әлеуетіне кері әсерін тигізеді. Әрі Үнді мұхитында табиғи апаттар (цунами, жер сілкінісі, дауылдар) жиі орын алады. Әрине, оның зардабын жағалауға жақын қалалар тартады.

Депутаттыққа миллиондаған үміткерлер

Халық санының көптігі халық қалаулыларының да көп болуын қажет етеді. Сол себепті бұл елде сайлауға түсу үшін көптеген адамдар тіркеліп, түрлі деңгейдегі депутаттыққа сайланады.
Нәтижесінде дауыс беру күні келгенде үнділер тізімге толы бюллетеньдердің ішінен таңдау жасайды. Мұндай жағдай барлық қалаларда болмаса да, көпшілігінде жиі орын алады.

Үндістан ислам мемлекеті болған

Классикалық және заманауи үнді фильмдерін көрген болсаңыз, оларда бір-біріне мүлдем ұқсамайтын екі түрлі діннің белең алғанын байқайсыз.

Индуизм мен ислам дінін ұстанатын үндістер мыңжылдықтар бойы тату-тәтті өмір сүріп келеді. Яғни бұл күнге дейін үнділер дін үшін таласып-тартыспаған.

Үндістан жолдарында адам өлімі көп болады 

Үндістанда басқа елдермен салыстырғанда жол-көлік апаттары өте жиі орын алады. Оның да себебі халық санының көптігімен және жолдардың тар болуымен түсіндіріледі.  Сондай-ақ, тротуарлар мен пешеходтардың айтудың өзі артық.

Көлік жүретін жолмен қоғамдық көліктер мен таксилерден бөлек мотоциклдар, велосипедтер де жүреді. Жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың халі тіптен нашар.

Әлемдегі манго өндіретін және тұтынатын ең үлкен ел

1470927316_samyy-bolshoy-potrebitel-i-proizvoditel-mango-v-mire

Шынында да, манго үндістердің ең сүйікті тағамы болып табылады. Алайда бұл олардың вегетариан екендігін білдірмейді. Нәсіліне, ұлтына, тұратын жеріне қарамастан, үндістердің барлығы мангоны жақсы көреді.
Үндістан әлемдегі мангоның ең ірі өндірушісі мен тұтынушысы болып саналады. Осыншама халықты мангомен қамтамасыз етіп қана қоймай, бұл жемісті экспортқа шығаратын әлемдегі үздік ел болу үшін Үндістанда қанша манго ағашы өсірілетінін ойлап көріңізші?

Соңғы мәліметтерге сәйкес, 2012 жылы Үндістанда шамамен 15250 000 тонна манго жиналған. Бұл Қытай, Кения, Тайланд, Индонезия, Пәкістан, Мексика, Бразилия, Бангладеш және Нигерия елдерінде өсірілген манголарды қоса есептегеннен де артық.

Таланттарға бай ел

Ғасырлар бойы үндістер әлемді өзіне қаратудың амалын қарастырумен келеді. Оның айқын көрінісі таланттардың көптігі. Оған дәлел ретінде Гиннес рекордтар кітабындағы көптеген үндістердің жетістіктерін атауға болады.

Оның келесі бір себебі – үндістердің ештеңеден қорықпайтындығында. Мәселен, американдық баланың кобраның көзіне тік қарап немесе онымен ойнағанын елестете аласыз ба? Әрине, жоқ. Алайда үндістер үшін бұл үйреншікті жағдай.

Үндістандағы алғашқы зымыран ғарышқа велосипедпен жеткізілген

Үндістан туралы тағы бір қызықты дәйек – ең алғашқы үнді зымыраны ғарыш айлағына велосипедпен жекізілген. Иә, елестету қиын! Алайда бұл шындық. Көлік пен адам жүріп, иттер жүгірген жолмен велосипед зымыранды алып өтіп, ғарыш айлағына жеткізіп, ұшырған.

Одан бері 12 жылдай уақыт өтті. Ал бұл мерзімде Үндістан ғарышқа 350 ракета ұшырды.

Гангда түрлі акулалар мекендейді

Үндістанда кобраны көру – ең қорқынышты дүние емес. «Қасиетті өзенде» «гандық акуланы» кездестіруге болады. Оларды жиі көре бермейсіз. Гангдық акула әлемдегі ең үлкен акулаға жатпағанымен, ол адам өміріне қауіп төндіреді. Акуланың бұл түрін соңғы рет 2001 жылы тапқан.

Сондай-ақ, Үндістанда жыртқыштың өгіз-акула деген түрі бар. Ол гандық акуладан да қауіпті болып саналады. Полиция қызметі жыл сайын бұл жыртқыштың адам өміріне жасаған мыңдаған қастандықтарын тіркейді.

Қытай туралы адам шошырлық 20 дерек >>>

 

Талқылау