Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үнді жігітің қолында тұрған смартфон күтпеген жерден жарылып кетті (видео)

Индиялық Аджай Радж Неги өзінің Xiaomi Mi4i маркалы смартфонынан қалай зардап шеккенін айтып берді. Қолында тұрған смартфоны оқыста жанып кеткен.

maxresdefault

Оқиға шілде айының орта шенінде болыпты. Гаджеттің иесі смартфонды қуат көзіне қосып қойып, өзінің жұмыс орнында оны еркін пайдаланып отыра берген.

Кенет смартфон бір сәт жарқ ете қалады да, жарылып кетеді. Ер адам ол жерден алыстап үлгергенімен, құрылғының өртенуі жұмыс үстелін біраз бүлдірді. Оқиға кабинетте орнатылған камераға түсіп қалған.

“Мен әлі күнге бұл оқиғаны қорқынышпен еске аламын. Бұл смартфон көптеген адамды өлтіріп немесе жарақаттауы мүмкін”, – дейді Неги.

Ол әлеуметтік желі арқылы гаджетті өндірушілерден түсініктеме беруді сұрады. Ол смартфонды тек бір жылдан бері ғана қолданғанын айтқан.

Талқылау