Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үлкен қыз болып өсе бер: Анасын туған күнімен құттықтаған Димаш жұртты күлдірді

Димаш Құдайберген ата-әжесінің баласы екенін әр сұхбатында айтады. Ата-анасы жас кезде үйленгендіктен, қазақтың салты бойынша тұңғыш немерені ата-әжесі тәрбиелеген. Сол себепті Димаш ол кісілерді “ана, әке” деп атап кеткен, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Үлкен қыз болып өсе бер: Анасын туған күнімен құттықтаған Димаш жұртты күлдірді

Ал туған анасы мен әкесін Димаш аға-әпкесіндей көреді. Олармен құрдас сияқты қалжыңдасатын әдеті тағы бар. Бұл орайда Димаш анасы Света Айтбаеваның туған күніне қызықты құттықтау жолдап, оқырмандарының ішек-сілесін қатырды.

“Света апа, туған күнің құтты болсын. Бақытты, баянды ғұмыр тілеймін. Үлкен қыз болып өсе бер”, – деп ақ тілегін білдірді Құдайбергенов.

Желі қолданушылары Димаштың бұл қылығына күле де, тамсана да қарады.

“Әлем еркелеткен Димаш анасын еркелетуде. Қандай жарасымды”, – деп тәнті болды оқырмандардың бірі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау