Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үлкен даудан соң Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне жаңа басшы келді

Үлкен даумен күллі елге жаман аты шыққан Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы қызметінен алынды. Бірақ генерал Бауыржан Бердалиннің орны ұзақ уақыт бос қалған жоқ. Бүгін Ішкі Істер министрі Қалмұханбет Қасымов ел түрмелеріндегі тәртіпке жауапты етіп Азамат Базылбековты тағайындады, – деп хабарлайды ктк арнасы.

9753554928b86467ffd0f9885c6c3173

45 жастағы Базылбеков бұған дейін Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары болған. Яғни, жаңа басшыға бұл қызмет тансық емес. Айта кету керек, соңғы кезде еліміздегі түрмелерден жиі шу шығып жүр. Мәселен, жуырда ғана жазасын өтеп жүрген келіншекті зорлағаны үшін түрме қызметкері Руслан Хакимов 9 жылға сотталды. Ал Наталья Слекшинаның сақшыдан баласы бар. Сондай-ақ, қоғам белсенділері «абақты есірткі базарына айналған » деп шулаған болатын. Ол аздай түзету мекемелерінде лаңкестердің қатардағы сотталушылармен бір камерада отыруы жағдайды ушықтырып отыр. Темір тордағы тәртіпсіздік сияқты біраз былықтың  бәрін енді Азамат Базылбеков реттеуі тиіс.

Талқылау