Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үлгілі әке: Қайрат Нұртас балаларымен өткізген бір кешін көрсетті (фото)

Ауруханада жатқан Қайрат Нұртас хәлін білуге келген әйелі Жұлдыз бен төрт баласын ертіп кешкі серуенге шыққан сәттерімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қайрат Нұртас балаларымен өткізген кешімен бөлісті

Отбасымен өткізген бір кешінде Қайрат көлік тізгінін әйеліне беріп, кенже ұлы Ханмен бірге өзінің әнін орындап көңіл көтерді. Кейін үлкен қызына «Лола» қуыршағын алып беруге уәде берген әкесі төрт баласымен қуыршақ сататын дүкенді іздеп әлек болды.

Үлгілі әке: Қайрат Нұртас балаларымен өткен бір күнін көрсетті

Екі қыз, екі ұлымен мақтанған әкесі балаларының әйелі Жұлдыз екеуін құшақтаған сәттерін жүктеп жұртты тәнті етті. Осылайша уақыт өткізген Қайрат қайтадан аурухаға оралған болар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

 

Талқылау