Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәсімов: Мұнай бағасы 30 долларға түссе, макроэкономикалық ахуалды өзектендіру керек

Қазақстан Үкіметі мен Республиканың Ұлттық Банкі мұнай бағасының барреліне 30 долларға дейін  төмендеуіне байланысты  қазақстандық экономиканың даму жолдарын қарастырды.

“Бүгін бізде бюджеттік комиссияның отырысы болды. Сол жерде жоспарымызды жандандыруға шешім қабылдадық. Мәселен, мұнайдың Brent сортының бір баррель бағасы 30 долларға түсіп қалса  макроэкономикалық жағдайға көшеміз. Онда да валюталық нарықта және ресейлік нарықта қандай болатыны және жалпы макроэкономикалық жағдай қалай болатыны белгісіз”, – деді премьер-министр Кәрім Мәсімов.

Айтуынша, ол Қаржы министрлігі  мен Ұлттық экономика министрілігі Ұлттық банкпен бірлесіп, алдағы уақытта мұнай бағасының түсуіне байланысты жоспар құрып,  оның Қазақстанның бюджетіне қаншалық әсер ететіндігі қарауды тапсырған екен.

Талқылау