Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үкімет мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына 20 миллиард теңгені артық жұмсамақ

Үкімет  биыл мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына 20 млрд теңгені артық жұмсамақ, – деп хабарлайды КТК арнасы.

1469687531

Energyprom.kz сараптама агенттігінің мәліметінше, 99 мыңға жетіп жығылатын мемлекеттік қызметкердің айлығына осы жылы қазынадан 1 трлн, 32 млрд теңге жұмсалады. Бұл  былтырмен салыстырғанда 20 млрдқа көп. Қызметкерлер жалақысының көтерілуі одан ұсталатын зейнетақы салымы мен салықты да арттырған.

Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелер үшін шілдеден басталатын міндетті әлеуметтік сақтандыру да бюджетке қосымша салмақ салып отыр. Оған қазынадан қосымша 52 млрд теңге төленбек. Осылайша мемлекет денсаулық сақтауға бөлінетін бюджет шығынын бір жағынан қысқартса, шенеуніктерге жұмсалатын қаражатты арттырып отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Оралда облыстық мәслихаттың депутаты мұз айдынында төбелес шығарды

Ең қарт альпинист Эверест шыңын бағындырмақ болған кезінде қайтыс болды

Назарбаев Францияның жаңа президентімен бірге жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді

АҚШ-та бір моторлы ұшақ тура жолдың үстіне құлады (видео)

Талқылау