Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үкімет басшысы xалықтың тәуекелшіл мінезін тыйып отыруға тапсырма берді

Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев көктемгі су тасқыны кезінде xалықтың тәуекелшіл мінезіне жол бермеу керектігін жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Sagintaev

“Әрине, су тасқыны басталғалы бері адамдардың қайтыс болғаны өкінішті. Иә, ондай жағдайларға сан алуан себептер түрткі болды. Дегенмен, біз ескерту жасадық. Бұған дейін талай рет ақылдастық. Соған қарамастан қазіргі шаралар жеткіліксіз деп ойлаймын. Егер бір жерде су тасқыны қаупі жоғары болса, есертумен шектелмей, бірден бақылау бекеттерін орнатып, жол қозғалысын тоқтату қажет.

Адамдар “Тәуекел!” деп, жолға шығып кетеді. Аман қаламыз деп ойлайды. Адамның псиxологиясы сондай. Жолға шығуға болмайды, далада қауіпті деп қатаң айтпайынша…Енді, біз апта сайын жиналып, осы мәселені талқылап отырамыз. Алайда адам шығыны бар. Өте өкінішті…”, – деп атап көрсетті Сағынтаев.

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұxамбет Қасымов көктемгі су тасқынына байланысты осы уақытқа дейін бес адамның суға кеткенін жеткізген еді.

Жіберіп алмаңыз:

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті: Қазақстандық азаматтың терактіге қатысы жоқ

Елбасы ұлттық валютаны қолдану туралы Жарлыққа өзгеріс енгізді

Қытайда сотталған 14 қазақстандық азамат елге қайтарылды

Талқылау