Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Зың-зың” вирусының екінші клипі жарыққа шықты (видео)

“Зың-зың” әуенінің ел арасында таралып кетуіне себепкер болған вайнерлер аталған вирусты “әнге” клип таспалады. Бейнебаян бір күнде жарты миллион рет қаралып, желідегі “трендті видеолардың” көшін бастады.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Иә, желіге кеше ғана жүктелсе де, “Зың-зың” вирусының екінші бейнебаяны көпті шулатты. Бір қызығы, бұған дейін аталған әуенді ел жағымсыз қабылдаса, жаңа клипке жұрттың берген бағасы оң. Оны желіде басылған “лайк” саны мен тыңдармандар пікірінен байқауға болады.

“Ештеңе түсінбедім, бірақ басты айналдырды”, “Алғаш естігенде-ақ ұнап қалған еді, толық нұсқасының шыққанына қуаныштымын”, “Мынаны тыңдауды қалай доғарсам болады?”, “Қазақстандағы ең мықты 91 тобын басып оздыңдар. Бәрі зың, стиль, хореография, трек. Әзіл деген дың”, “Қырғызстаннан сәлем, қазақ бауырлар жарайсыңдар”,  – дейді желідегілер.

Еске сала кетейік, бұған дейін “заманауи жыраумын” деп жаҺанға жар салып жүрген Жан Ахмадиев пен “Шудың бойында” әнімен танылған Ахан Отыншиев аталған трекке бейнебаян түсіріп, жұрттың сынына ұшыраған еді. Алайда бейнебаян түсіріп, жарысқа түскен азаматтардың ешқайсысы да “Зың-зың” вирусының авторы емес екендігі анықталды. Елді шулатқан туындының әуені мен сөзін Болат Нұрымов есімді азамат жазған.

Жіберіп алмаңыз:

Керменбаев экс-сүйіктісін есіне неге жиі алып жүр?

Төреғали жары Толқынға арнаған әнді өзі жазғанын айтып мақтанды

Тоқтар Серіков Төреғалиді атаққа мас болмай, “жұлдыз ауруынан” сақ болуға шақырды (видео)

Мөлдір Әуелбекова күйеуімен екі бөлек қалада тұрып жатқанын мойындады

Талқылау