Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Звезда Востока» салонына келген жедел жәрдем фельдшері адреналин уколын егуді білмеген

Асылбек  Бердіғалиев жедел жәрдем қызметінде фельдшер болып жұмыс істеп жүргеніне жеті ай болған,-деп жазады «Мой город» басылымы.

укол1

Эльвира  Абдуллаеваның ісі бойынша сот отырысы жедел жәрдем фельдшерін тергеуден басталды. Асылбек  Бердіғалиевтің сөзінше болған жайт бойынша қоңырауды 12:26-да қабылдап, оқиға орнына 12:33-те жетіп барған.

 «Дипечерге осы жайт бойынша шақырту түскен сәтте біз басқа орыннан енді жеткен болатынбыз. Бізге әйел кісіге екпе жасалғаннан кейін жағдайы ауырлағаны айтылды. Сұлулық салонында бізді сотталушы күтіп алып, науқас жатқан жерге ертіп кіргізді. Біз санитар екеуміз кіріп келгенде әйелдің биологиялық өлім жағдайында екенін дәлелдейтін белгілер болды. Оның ерні көгеріп кеткен, саусақтары тоқ көк, көзінің қарашығы ұлғайып кеткен. Тамыр соғысы талмадағы  деңгейден кетіп қалған. Сондай-ақ, Жақанованың оң жақ бетінен екі жіп салбырап тұрды. Мен косметолог әйелден қандай амалдар жасағанын сұрадым. Ол  жүрегіне массаж, жасанды тыныс алдыру әрекеттеріне барғанын, нашатыр спиртін бергенін айтты»,-дейді фельдшер.

«Абдуллаева маған адреналин екпесін жасау керектігін айтты. Бірақ мен оны жасайтын себеп пен қажеттілікті байұаған жоқпын. Бірден реанимациялық әрекеттерге барып көмекшім арқылы  дефибриллятор алдырдым. 20-25 минут бойы оны осы құрылғының көмегімен оятуға тырыстым. Нәтиже болмағаннан кейін әйелдің өліп кеткенін айттым. Кейіннен полицияға қоңырау шалып «103» жедел жәрдемі жеткенше әйелдің қайтыс болып кеткенін айттым. Расымен де солай, біз келгенге дейін әйел өліп кеткен»,-деді сот төрешісіне жедел жәрдем фельдшері.

Шақырту қоңырауы мен оқиға орнына жеткен уақыттың қанша минутты құрағанын сұраған кезде фельдшер 7 минут деп кесіп айтты. Бұл болжам болатын. Себебі, тапсыорманы алып жолға шыққан кезде фельдшер нақты уақытты анықтап отырмаған. Сондай-ақ жедел жәрдем станциясының заңгері шақырту мен дәрігердің жеткен уақытын анықтаған нақты уақытты атап айтты. Заңгер көрсеткен дәлел картасында станцияға қоңырау 12:25-те  түскен, ал жедел жәрдем оқиға орнына 12:30-да жетіп барған.

Айгүл Орынбекованың  қорғаушысы фельдшерден  Сіз неге 5 минутта барған жерді 7 минут деп айттыңыз? Неге адреналин екпесін жасамадыңыз оны адам анафилактикалық талмадан кейін 15 минут ішінде егуге болатын еді гой. Бұл дәріні егу үшін иненің ұзындығы қандай боларын, қай нүктеге егілетінін  білесіз бе?

« Компьютерде көрсетілген уақыт дұрысы. Мен болжалды түрде жаздым. Мен ол дәріні екпеген себебім адам қайтыс болып кеткен еді.

Ол дәріні егу үшін менің 5 минут уақытым жұмсалатын еді. Алдымен шприцке екпені тартып, науқастың қолын- бұның барлығы біздің №476  емдеу протоколында көрсетілген. Онда адреналин уколын қалай егу түсіндіріледі. Мен бұл дәріні жүрекке қалай салатынын білмеймін, тілдің астына қалай егілетінін білем. Өз тәжірибемде науқасты оқиға орнында  реанимациялау оқиғасы болған емес»,-деді  Асылбек  Бердіғалиев.

Сонымен қатар сотта Асылбек Бердіғалиевтің  тек колледж бітіргені, жұмысын 2014 жылдан бастап  фельдшердің көмекшісі болып бастағаны анықталды. Сұлулық салонына фельдшермен бірге Ажар Бисенғалиева есімді санитар да барған. Оның медицина саласы бойынша мүлде білімі болмаған. Санитар мамандығы бойынша зоотехник екен.

«Біз салонға кіріп келген кезде фельдшер алдымен науқасты қарап шықты. Сосын маған дефибрилляторды әкелуді тапсырды. Осыдан кейін дәрігер науқастың жүрегіне  массаж жасай бастады. Абдуллаева дәрігерден науқастың жүрегіне адреналин салуды ұсынды. Әрине мұны дәрігердің өзі шешеді, ол мұның қажеті жоқ екенін айтты»,-дейді фельдшер көмекшісі.

Сот отырысына  облыстық аурухананың анестезиологы Виктор Ширяев сарапшы ретінде қатысқан еді. Ол тура осындай жағдайда науқасқа әр 3-5 минут сайын  адреналин дәрісін егіп от ыру керектігін айтқан еді.

«Лидокаиннің  кері әсерінен кейін дефибриллятор ешқашан көмектеспейді. Адреналинді әр бір 3-5 минут сайын егу керек еді. Кейде оның өзі адам өмірін сақтап қалуға көмектесе алмай жатады. Ондайды бізде бақытсыз оқиға дейді»,-деп аяқтады өз сөзін анестезиолог.

 

 

 

Талқылау