Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зорлық-зомбылықтан шаршаған ливандық әйелдер өзен жағалауына той көйлектерін іліп тастады

Ливан әйелдері Бейрут жағалауына қарсылық белгісі ретінде той көйлектерін іліп тастады.

9898

Бұл туралы The Independent хабарлайды.

Бұл елде ер адам әйелді зорлап, бірақ оған үйленетін болса қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетеді. Осы заңға қарсылық ретінде әйелдер тың бастама ұйымдастырған.

Отыз бір көйлек бір айдағы отыз бір күнді білдіреді. Бұл елде әйелдер некелесу барысында ерлерінен көп зорлық көреді.

Ливан қылмыстық кодексінің 522 бабы бойынша зорлықшылар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Алайда ол өзі зорлаған әйелмен үйленсе сотталмайды. Мұндай тәртіп 1940 жылдан бері қолданылып келе жатыр екен.

Ақпан айында парламенттік комитет бұл заңды өзгертуге қатысты дауыс берген.

Оқи отырыңыз:

Тележүргізуші тікелей эфир барысында күйеуінің көз жұмғанын хабарлаған

Түркияға бет алған ұшақ бортында сәби дүниеге келді (фото)

Мәскеуде екі пойыз соқтығысып, 50 адам зардап шекті (видео)

Швецияда терактіге қатысы бар екінші күдікті ұсталды

Талқылау