Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зорланған астаналық өзін қорлағандарды аяусыз жазалаған

Жиырма бес жастағы астаналықты белгісіз бірулер қаланың сыртына ұрлап әкетіп, екі күн бойына зорлаған. Әрең дегенде сытылып қашқан қыз оқиға бойынша полицияға мүлде хабарласпаған.Олардан өзі өш алмақшы болыпты.

әйелдер
Бұл туралы “Экспресс К” басылымына  психолог Мария Федорова айтып берген.

«Үш ай бойы өзін қорлағандарды аяусыз жазалаған Астаналықпен жұмыс істедім. Бойжеткен бірінің отбасын ойрандаған. Құрбыларының біріне сол жігіттің басын айналдыруды тапсырған қыз, суретке де түсіріп алады. Ғашықтардың тәтті өмірінің көріністерін жинақтап, өзін зорлаған еркектің әйеліне жолдайды.

Екіншісінің саябағын өртеп жібереді. Үшіншісінің қымбат көлігіне қышқыл шашқан. Өзін ренжіткендерден кек аламын деп жүрген бойжеткен, қалай қатыгез болып кеткенін де білмей қалады. Мәселені шешу үшін пәтерін сатып, Алматыға қоныс аударып кеткен. Қазір тұрмысқа шыққан, бала күтіп отыр»,-дейді психолог.

Дәрігер өзінен көмек сұрап келушілер арасынан зорланғандар тек соңғы екі жылда көбейгенін айтады.

«Бұрындары топтық зорлауда болған әйелдер аз келетін. Қазір ондай емделушілерім көп. Мен  бұған қарап зорлау қылмысы соңғы кезде көбейді деп айта алмаймын. Бұрында да болған. Тек әйелдер соңғы кездері маманның көмегіне жиі жүгінетін болған»,-дейді дәрігер.

Дәрігер елімізде зорланған қыздар мәселесін полицияға айтпауға тырысатынын айтады. Себебі, бойжеткендер оқиғаның жайылып кетуінен қорқады екен.

 

Талқылау