Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зорланған 7 жасар абайлық баланың ісіне қатысты сот басталды

Шымкентте жоғары сынып оқушыларының зорлық-зомбылық құрбанына айналған Абай ауылындағы 7 жасар баланың ісіне қатысты сот басталды. Қоғам арасында үлкен шу тудырған атышулы іс мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қаралуда.

Зорланған 7 жасар абайлық баланың ісіне қатысты сот басталды

Бұл туралы otyrar.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Күдіктілерге тағылған айыптың ерекше ауырлығына байланысты бұл іс ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотта қаралады. Алайда, сот ісі толығымен жабық режимде өтеді. Сот залына журналистер де жіберілмейді. Сондай-ақ, сотталушының да, жәбірленушінің де сот талқылауына қатысушылардың аты-жөндері жарияланбайды.

Абай ауылында орын алған оқиғаны қазылар алқасы қарайтын болады. Алдын ала ұйымдастырылған отырыста алқа билер сайланып, бекітілді. Алайда, олардың объективтілігін және бейтараптығын сақтау мақсатында алқабилердің есімдері құпия қалады.

Бұл іске қатысты қаралатын сот отырысына төрайым болып ең тәжірибелі судьяларының бірі Самидин Темірәлиев тағайындалды.

«Айыпталушыға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері бабына сәйкес айып тағылды. Сотталушының өтiнiшi бойынша сот алқабилердiң қатысуымен өткiзiледi»,-дейді судья Самидин Темірәлиев.

Айта кетейік, Түркістан облысының Абай ауылында зорлық көрген 7 жасар баланың мүддесін қорғаушылар кәмелетке толмаған баланың зорлануына байланысты оқиғаға қатысы бар адамдардың бәрін жазалауды талап еткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР-ның Бас прокуратурасы Түркістан облысы Абай ауылындағы 7 жасар баланың зорланғанын растады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Талқылау