Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зообақтағы шудың арқасында директоры 50 жыл іздеген әкесін Қазақстаннан тапты

 

Барша жұртты шулатқан Барнауыл зообағындағы жолбарыс пен жасөспірім қыздың оқиғасы бір жақсы іске себепкер болды. Кешкі уақытта салмағы 300 келі шығатын жолбарыс торын қаққан қыздың  сырткиімін тістелеп, аяғының бұлшық етін жарақаттаған еді. Жұрт шу көтерген оқиғаның арқасында хайуанаттар бағының директоры  Сергей Писарев жарты ғасыр бойы іздеген әкесін Қазақстаннан тауып алды.

әкесін-тапты

Жеті жастағы Лотос деп аталатын жолбарыс 13 жастағы қызға айбат көрсетіп, аздап жарақаттаған еді. Қыздың өзі мас күйінде жабылып қалған зообаққа кіріп, жолбарыс қамаулы тұрған торды қаққан.

 Қыз  жыртқыш қамалған тор көздерінің тым жиі орналасқанынның арқасында аман қалды десек те болады.

Осыдан кейін үлкен дау туындап, жұрт зообақ директоры, қоғамдық белсенді, Алтай өңіріне танымал депутаты  Сергей  Викторұлы  Писарев жайлы біле бастады.  Сол күні оның желідегі парақшасына көптеген адамдар жаза бастаған. Соның ішінде Сергейдің Қазақстандағы туыстары да болған.

Оқиға анықтала келе Сергей Викторұлы емес  Виталиұлы болуы керек. Себебі Сергей туылған кезде оның әкесін көпшілік Виктор деп атайтын болған. Содан туу туралы куәлікте де осындай қателік кеткен.

« Мен екіге толған кезде ата-анам ажырасып кетіпті. Анам әкем жайлы ештеңе айтпайтын. Әкемнің суреттерінің барлығын жыртып тастаған еді. Жыртылған бір суреттен әкемнің жүзін құрастырғанның өзінде анық ештеңе көрінбейтін. Әкем 7 жасқа толған кезімде мені мектепке іздеп келді. Бірақ анамның тапсырмасы бойынша мұғалім онымен амандасуға да шығармады. Осыдан кейін мен оның даусын естіген емеспін»,-дейді Сергей.

Сергей Викторұлы әкесін іздеген кезді екі кезеңге бөліп қарауға болады дейді. Бала кезінде ол Қырғызстанда жұмыс істеп жүрген әкесіннен хат алған. «Ол кезде әкемнің хатына жауап жазған болатынмын. Менің хатыма ол кісіден жауап болмады. Енді оның себебін қазір түсініп отырмын. Ол кезде әкемнің екінші әйелі өмірден қайтып, қиналып жүрген кезі екен»,-дейді ол.

Арада тағы он жыл өткеннен кейін Сергей әкесін «Жди меня» бағдарламасы арқылы іздейді. Ол кезде әкесінің атына байланысты шатасу кедергі болса керек, іздеу тағы да нәтиже бермейді.

«Зообақта болған оқиғадан кейін мен шошып қалған болатынмын. Кешкісін желідегі парақшамды аштым. Сол жерде Қазақстандық Нина Григориқызы Новикова есімді  азамат маған жазыпты. Ол менің жүзім сол кісінің өмірден қайтқан ағасына қатты ұқсайтынын айтқан. Сондай-ақ ол кісінің Сергей есімді ұлы болыпты. Бір қиыны маған жазған кісінің ағасын Виктор емес Виталий деп атапты»,-дейді Сергей.

Нина Григориқызы ағасының суретін Сергейге жолдаған сәтте барлық мәселе бірден түсінікті болған.

Сергей Писаревтың әкесі 1996 жылы  Қазақстанның Ақтоғайында қайтыс болып, сонда жерленіпті. Ол үш мәрте үйленіпті. Әкесінің екінші әйелінен Сергей Викторұлына алдағы уақытта табу керек бір ағасы бар екен.

«Әкем  Ақтоғайдағы  мазарлардың бірінде жерленіпті. Сол күні түнімен желідегі достарым арқылы Ақтоғайда тұратын адамдарды іздедім. Әкемді танитын кісілерді де таптым. Енді олар ақпаратты анықтап береміз деді. Әкемнің зираты белгілі болған күні пойызға отырып, басына барып қайтамын. Оған айтар әңгімем жиналып қалды»,-дейді Сергей Викторұлы.

 

 

Талқылау