Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зируза Жаңа жылды ата-анасымен бірге қарсы алуды армандап жүр

Жаңа жылды тағатсыздана күтіп жүргендердің бірі – әнші Зируза. Q-pop ханшайымы әлі күнге дейін бұл түні бір ғажайыптың болатынына сенеді. Ал биыл өнер иесі Жаңа жылды ата-анасымен бірге қарсы алуды армандап отыр.

Зируза Жаңа жылды ата-анасымен бірге қарсы алуды армандап жүр

Бұл туралы Stan.kz “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеп хабарлайды.

“Бұрын кішкентай кезімізде тағатсыздана күтетінбіз. Жаңа жыл деп тұр ғой. Сол себепті ол отбасыңмен қарсы аласың. Жылы атмосфера, өзіндік бір ерекшелігі бар мереке мен үшін. Мен әр жыл сайын Жаңа жылды кәдімгідей күтемін”, – дейді Зируза.

“31 желтоқсанды ата-анаммен бірге соңғы рет 2014 жылы қарсы алдым, содан кейін басқа қалаға, Алматыға кетіп, қазір ұжымыммен немесе достарыммен қарсы аламын. Ал егер де мүмкіндік туып жатса, міндетті түрде ата-анаммен, ағаларыммен қарсы алуға тырысамын”, – деп сөзін жалғады әнші.

Бұл орайда продюсері Зирузаны үйіне жібермей ме? – деген заңды сұрақ туындайды.

“Ерлан аға, уақыт болып жатса, Астанаға барып жатсақ: – Үйге барып кел, ата-анаңа кіріп шық, – деп жаны ашып тұрады. Сондай бір өзі мейірімді аға десе болады”, – дейді Зируза продюсері Ерлан Әлімов туралы.


Тағы оқыңыз: Жаңа жыл туралы қызықты деректер 

Талқылау