Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зимбабвенің 92 жастағы президенті 2018 жылы сайлауға түспекші

Зимбабве президенті  Роберт Мугабе  2018жылы өтетін президент сайлауына үміткер ретінде қатысуға дайын екенін айтқан. ТАСС басылымының хабарлауынша президент бұл жайлы  жапониялық «Санкей» басылымына берген сұхбатында хабарлаған.

президент

Сурет rbc.ru  сайтынан алынды.

«Жақтастарым менің кандидатурамды ұсынуда. Мен өте қайырымдымын. Халық менің президент болуымды қаласа бас тарта алмаймын»,-деген 92 жастағы президент.

Батыс елдері айтып жүрген елдегі оппозицияның тұншықтырылуы жайлы сөзді президент «Зимбабве халқын қорлау» деп түсінетінін жеткізді.

2014 жылы  президенттің әйелі Грейс Мугабе күйеуінің елді басқаруын жалғастыруы үшін, оған арнайы арба сатып алып беруге әзір екенін айтқан еді. Ол сондай-ақ, күйеуі сөйлеуін тоқтатқанша оның елді басқаруына барын салып көмектесетінін айтқан.

2015 жылы Мугабе әуежайда өз жақтастарына қарата сөз сөйлеген сәтінде трибунаға шығатын баспалдақтан құлап қалған еді. Осы оқиғадан кейін басылым беттерінде құлап қалған президентті дер кезінде ұстап қалмаған 30 оққағардың жұмысынан қуылғаны жайлы жазылды.

Мугабе  соңғы рет 2013 жылы президент сайлауына түсіп, жеңіп шыққан еді. Енді жақтастарымен біріге отырып 2018 жылға жоспарын бекітіп қойған сыңайлы. Ол Зимбабве тәуелсіздік алған 1980 жылдан бері сол елді басқарып келеді.

Бұған дейін сайтымызда Зимбабведе “Ең ұсқынсыз еркектің” таңдалғаны  жайлы жазған едік.

 

Талқылау