Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зика вирусына байланысты қазақстандықтарға 27 елге бармауға кеңес беріледі

Оңтүстік Америка елдерінде Зика безгегінің таралуына байланысты қазақстандықтарға аталған мемлекеттерге бармауға кеңес беріледі.

160128090637-03-zika-virus-0128-super-169

Бұл туралы тұтынушылар құқығын қорғау комитетінен хабарлайды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің хабарлауынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми ақпаратына сәйкес 2015 жылдың сәуірінде Бразилияда, одан кейін Оңтүстік Американың басқа да мемлекеттерінде Зика безгегінің таралуы байқалады.

Ағымдағы жылдың 27 қаңтарындағы жағдайға сәйкес Солтүстікамерикалық, Оңтүстікамерикалық және Азия-Тынық мұхиты өңірлерінің мына 27 елінде  Зика безгегі тіркелген: Барбадос, Боливия, Бразилия, Кабо-Верде, Колумбия, Эквадор, Сальвадор, Фиджи, Француздық Гвиана, Гваделупа, Гватемала. Гайана, Гаити, Гондурас, Мальдива, Мартиника, Мексика, жаңа Каледония, Панама, Парагвай, Пуэрто-Рико, Сен-Мартен, Самоа, Соломонов аралдары, Суринам, Тайланд, Венесуэла.

Зика безгегі тропикалық өңірлерде тіршілік ететін Aedesalbopictus пен аegypti масалары шаққан кезде адамдар арасында таралады. Безгек адамнан адамға жұқпайды. Ауру 4-7 күнге созылып, жеңіл және орташа ауыр клиникалық формада өтіп, адам сауығып кетеді.

Зика безгегі жұққан кездегі негізгі белгілер мынадай: дене температурасы көтеріледі, тері бөртеді, буын, бас ауырады, кейде жүрек айниды. Айта кетерлігі, әйелдердің жатырындағы шаранаға кері әсер ететіндігі туралы ақпарат бар. Жүктіліктің 3-4 айында безгек жұқтырған әйелдердің шаранасына кері әсері бар.

Осыған байланысты Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті қазақстандықтарға ұсынылған ақпараттарды шетелге сапарларын жоспарлау кезінде қаперге алуға, мүмкінді болса кейінге қалдыруға, әсіресе жүкті әйелдерде эпидемиологиялық ахуал тұрақтағанға дейін Зика безгегі өршіп тұрған елдерге бармауға кеңес береді. Аталған өңірдегі елдергі бару тура келген жағдайда қауіпсіздік шараларын қолдану қажет. Қонақ үйде терезесі арнайы тормен жабылмаса, онда оны ашпау керек және ауа баптағышты пайдаланған жөн. Жоғарыдан аталған елдерде болған кезде және оралғаннан кейін ауру белгілері байқалса, бірден медициналық көмекке жүгіну керек.

Талқылау