Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Зык-зык етіп, спать қылып жіберемін": Ержан Максим әкесінің ұратынын айтып күлдірді (видео)

Жуырда Ресейде өткен «Голос.Дети» байқауынан оралған Ержан Максим әкесінің өзін қай кезде ұратынын айтып күлдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Talklike бағдарламасына сілтеме жасап. 

Бағдарлама жүргізушісі жас әншіден үйінде кімнің қатал екені туралы сұраған болатын. 

«Әкем қатал. Бірақ ол мені ұрмайды. Анам да қол көтермейді», - деді Ержан Максим. 

Десе де әрекеттері тым шектен шыққанда әкесінен таяқ жейтінін жасырмады. 

 

«Ұрады. Андай-мындай болып, ырбаңдаған кездерде «Үйге бар, сосын зык-зык спать қылып жіберемін» дейді», - деп күлді әнші. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр