Зиданның ұлы қарсыласын баспен ұрды

Сәрсенбі, 2 Желтоқсан , 2015 12:53

Таяуда “Реал” мен “Атлетиконың” 17 жастан жоғары ойыншылары арасында өткен матчта Лука қарсыласын баспен қойып қалған.

Франция құрамасының экс-капитаны, атақты футболшы Зинедин Зиданның ұлы Лука әке жолын қуып, өмірін футболмен байланыстырғаны белгілі, – деп хабарлайды 24.kz .

Кездесу барысында “Реалдың” қақпашысы Лука Зидан “Атлетиконың” шабуылшысымен сөзге келіп қалған. Оның қарсыласты баспен ұрған сәті бейнекамераға түспеген. Бірақ, мұны байқаған қырағы судья кіші Зиданға қызыл қағаз көрсетті.

2006 жылғы әлем чемпионатының финалында Луканың әкесі де осындай соққысымен көзге түскен еді. Ол кездесудегі қосымша берілген уақытта Италия құрамасының қорғаушысы Марко Матераццимен кикілжіңге келіп, оны кеудесінен баспен ұрып құлатты. Ақыры сол матчта Зидан қызыл қағаз алып, ойыннан шеттетілді. Зинедин Зидан 2014 жылдан бастап, “Реалдың” резерв командасының жаттықтырушысы қызметін атқарады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар